Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салық төлеп отырған қазақстандықтардың көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттен берілетін көмекке қатысты сұрақтары жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салық төлеп отырған қазақстандықтардың көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттен берілетін көмекке қатысты сұрақтары жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Кейбір адамдар "үкіметтен сұрасақ, бере береді" деп ойлайды. Салық төлеп отырған бүкіл қазақстандықтың ақшасын бөліп жатырмыз. Кейбіреуі маған хат жазып жатыр, онда олар ақша тауып, бюджетке ақша құйып жатқанын, ал билікті бала таптырып жатқандарға беріп жатыр дейді. Неге олар өз балаларын өздері бақпайды дейді. Мұндай әңгіме қазір өте көп шығып жатыр. Сондықтан екі жаққа да түсіндіруіміз керек", - деген Елбасы әсіресе жағдайы нашарларға көмек берілетінін баса айтты.
Оның айтуынша, бірінші кезекте әл-ауқаты төмен адамдарға 1 сәуірден бастап көмек көрсете бастау керек.
Сондай-ақ, Елбасы қаражатты тиімді қолдануға назар аудару керек екеніне тоқталды.
"Бұл шаралар ақша шашылып жатқанынан емес, біз қаражатты экономиканың өсіп-өнуіне жұмсамай, халыққа берейік деп отырмыз. Себебі бұл керек. Сондықтан халық біздің бұл шараны не себепті жүргізіп отырғанымызды түсінуі керек. Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті - шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға күш жұмылдыру. Бұл жұмысты барлық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет. Сондықтан ең негізгі мәселе елдің жұмыс істеуі. Халыққа ешкімге де жұмыс істемей қаражат берілмейтінін түсіндіру керек. Біз нарық экономикасында отырмыз. Жағдай солай. Сондықтан жұмылып, бірге жұмыс істейтін болайық", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, жиынға премьер-министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев және премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.