ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 октября 2018 | 22:08

"Өз ойым" бағдарламасы барысында балабақша кезегін жылжыту айла-тәсілдері айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Балабақша кезегі неге келмейді?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Балабақша кезегі неге келмейді?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның қонағы Айнұр Оңғарбаева қызының жасы 9-ға келгенде ғана мемлекеттік балабақшаға бару кезегі келетінін айтады. 

"Туған кезде екі айдан соң кезекке қойдым. Жиырма бір мыңыншы болып тіркелдік. Кеше ғана тексеріп көргенімде 19451-ші болып тұрмыз. Екі жылда екі мың орынға ғана көтеріліппіз. Бұлай есептейтін болсақ, менің қызым тоғыз жасқа толғанда ғана кезегі келеді", - дейді Айнұр Оңғарбаева. 

Мемлекеттік балабақша меңгерушісі Алмагүл Жеткергенқызы қай күндері кезекті тексеру керектігін айтты.

"Негізі бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіндігі туралы әрбір балабақша бір жыл бойына бос тұрған орындарға байланысты бір орын не екі орын шыға ма әр дүйсенбі сайын сұраныс жіберіп отырамыз. Сол сұраныс электронды жүйеге тіркеледі. Сейсенбіден бастап кезектен тыс орын алатын адамдар тізімі бойынша (әскери қызметкерлер, көп балалы аналарға) хабарлама барады. Ал егер кезегіңіз келмесе, аптаның басындағы үш күнде қарап та керек емес. Сіз өзіңіздің ЭЦҚ-мен жақын тұрған балабақшаға барып, сізге қандай балабақшаға шығып тұрғаны туралы ақпарат беріледі", - деді ол.

Мемлекеттік балабақша меңгерушісінің айтуынша, мамырда орындар көп беріледі екен.

Бағдарламаға келген Назерке есімді қонақ өз баласының кезек күтпей балабақшаға барғандығын айтады. Ол әлеуметтік желі арқылы балабақшаға қалай тіркелу керектігін іздеген. Ал оның жауабы таңғы 4-5 кезінде балабақшаға оңай жазылуға болатынын білген.

"Баламды туа сала қойған жоқпын, бір жылдан соң ғана кезекке қойдым. Балам үшке толғанда кезекті қарасам, шамалы ғана өзгерген екен. Әлеуметтік желіде балаға қалай орын алуға болатынын қарадым. Бір ата-ана өз басынан өткен жағдайды баяндапты. Сол кісінің нұсқаулығы бойынша ХҚКО сайтына баламның ЖСН-ін теріп едім, біздің алдымызда он мың адам кезекте тұр екен. Таңғы төртте қайтадан сайтқа кіргенімде "кезегіңіз келді, төрт балабақшаның біреуін таңдаңыз" - деген жазу шықты. Осылайша өзіме қажетін таңдап алдым. 

Бес баланың анасы Венера Байсақова баласының кезегі 5 жасында келгендігін айтады.

"Менде бес бала. 2010 жылы қызымды Астанаға көшіп келгенімізде бірден кезекке қойдым. Бір жылдан соң, яғни бес жасында кезегі келді, сонымен бір жыл ғана барды. 2014 және 2015 жылғы балаларымды туа сала кезекке қойдым, біреуі қарашада төртке толады, екіншісі үшке толады. Екеуінің де кезегі әлі келген жоқ. Тексеріп тұрмаймын, бірақ анда санда сұрап қоямын. Халыққа қызмет көрсету орталығында кезек келгені туралы ешқандай ескерту жібермейді", - дейді Венера Байсақова.

 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer