Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 октября 2020 12:15

Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы не білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы не білу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы не білу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауының қысқаша тарихы

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. 

Мәжіліс тарихына үңілер болсақ, бұған дейін алты сайлау өткен. 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданып, қос Палата: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындалды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.

1999-2004 жылдар аралығындағы екінші сайланымға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны - орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.

2004 жылдың қыркүйегіндегі үшінші сайланымға 12 саяси партия қатысып, 77 депутат сайланды. Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері - 53 жас, ең жасы - 28 жаста, ең үлкені - 73 жаста болды.

Төртінші сайланым 2007 жылдың тамызында өтті. Ол 107 депутаттан құралды. Жеті саяси партия қатысқан сайлауда 7 пайыздық межені тек Nur Otan партиясы еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Депутаттар біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды. Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7 пайыздан аса дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті. 

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда өтті. Сайлауға қатысқан алты партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: Nur Otan партиясы (82,20 пайыз), Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы (7,18 пайыз) және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (7,14 пайыз). Алтыншы сайланған Мәжіліс құрамына алдыңғы шақырылымның 43 депутаты кірді. Құрамында: ер адамдар - 78 (73 пайыз), әйел адамдар - 29 (27 пайыз). Депутаттардың орташа жасы - 55 жас. 40 жасқа дейін - 7 депутат, 40-тан 60-қа жасқа дейін - 77 депутат, 60 жастан асқандар - 23 депутат.

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау несімен ерекше?

Біріншіден, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық  заңға және "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

Екіншіден, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді.

"Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді", - делінген үндеуде. 

Үшіншіден, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Президент пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келетінін, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандыратынын айтады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети