ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 декабря 2020 | 10:14

"Партия беделіне нұқсан келтірді". Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі неге тоқтатылғаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұржан Әлтаев. Фото: 24.kz Нұржан Әлтаев. Фото: 24.kz

Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Казанцевтің айтуынша, комитет отырысының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы Nur Otan партиясы филиалының Саяси кеңес бюросына Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасағаны үшін, бірқатар мәлімдемелерінде оның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті туралы айтқан Әлтаевты партия қатарынан шығаруды ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданды.

"Таңғаларлық мәлімдемелер саясаткердің тәжірибесіздігімен, оның көзге көрінгісі келетіндігімен, медиа және қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен тұрақталып қалғысы келуімен түсіндірілуі мүмкін. Бұл саяси мансаптың басында болады. Әрбір қоғамдық адам жауапкершілік өлшемін және мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін беделді мәлімдемелер мен әрекеттердің салдарын нақты түсінуі керек. Мұнда салдары өте қиын болуы мүмкін. Бұл аксиома", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Павел Казанцев депутаттың ісі неге орынсыз екенін түсіндірді. 

"Өзің мемқызметші ретінде өсіп-өнген, саясаткер болған, Жарғыны бұзбауға міндеттеме алған, оның үстіне белсенді ортада - депутаттық корпуста бола отырып, партияның шарттарын жариялау орынсыз деп есептеймін. Ұсыныстар, ойлар, тіпті талап болса жарар – партияның диалог алаңдарында көтер, ал мұндай алаң өте көп, бастамаларыңды айтуыңа әбден болады, кез келген адам пікірін білдіре алады. Сөзсіз. Ресми сауалдарыңда партиялық инстанция бойынша ұстанымыңды білдір. Пікір білдірудің де құралы көп. Ал екіұшты талап айтып, мәлімдеме жасау - артық", - дейді Казанцев. 

Казанцевтің айтуынша, Nur Otan партиясында бола отырып, оның саяси және медия ресурстарын қолдана отырып, оның үстіне Мәжіліс депутаты орнында бола отырып, жаңа партия құрамын деген мәлімдеме мен әрекеттер жасау - "эпатаж да емес, тәжірибенің жоғы да емес". 

Мұның алдында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді. Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев 41 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы - заңгер, экономист.

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарынан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer