ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 июля 2018 | 15:18

Пәтерді жөндеуден өткізу кезінде қалай ақша үнемдеуге болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Жаз маусымы келгенде көбі үйде жөндеу жұмыстарын бастайтыны рас. Әрине, бірінші кезекте барлығы бюджетке сүйеніп, сапалы әрі қымбат емес жөндеу жұмыстарын жасағысы келеді. Бірақ мұнда бюджеттен бөлек, жөндеу жұмысының жоспары, қажетті сапалы құрылыс материалдары және бөлмелердің жалпы дизайны жайлы сұрақтар пайда болады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі құрылыс саласында 20 жылдан аса уақыт қызмет етіп жүрген Гүлсара Халитовадан жөндеу жұмыстарына ақшаны қалай дұрыс үнемдеу керектігі жайлы сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаз маусымы келгенде көбі үйде жөндеу жұмыстарын бастайтыны рас. Әрине, бірінші кезекте барлығы бюджетке сүйеніп, сапалы әрі қымбат емес жөндеу жұмыстарын жасағысы келеді. Бірақ мұнда бюджеттен бөлек, жөндеу жұмысының жоспары, қажетті сапалы құрылыс материалдары және бөлмелердің жалпы дизайны жайлы сұрақтар пайда болады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі құрылыс саласында 20 жылдан аса уақыт қызмет етіп жүрген Гүлсара Халитовадан жөндеу жұмыстарына ақшаны қалай дұрыс үнемдеу керектігі жайлы сұрап білді.

"Ең бірінші кезекте үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде ақша үнемдеу үшін жақсы бригаданы таңдау керек. Яғни, нағыз мамандардан тұратын команданы таңдай білу керек. Бұл өте маңызды. Олардың жұмысын өз көзімен көріп, жұмыстардың сапасы қандай екеніне көз жеткізу керек. Кейін смета жасалады - жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың сметасы, көрсетілген қызметтердің сметасы және шығындар", - дейді маман.

Сондай-ақ, Гүлсара Халитова көбі жіберетін қателіктерді айтып өтті. Айтуынша, үй иелері көбіне арзан бригаданы жалдай салып, жөндеу жұмыстарын бастап кетеді.

"Көбі жұмысты төмен бағаға жасап беретін бригадаларды алады. Ең арзан бригадалар бізге Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келеді. Олар өте арзанға істейді, бірақ ол жұмысшылар материалдардың барлығын құртып, сапасыз жұмыс жасайды", - деді Гүлсара Халитова.

Осы орайда маман қай жерде үнемдеуге болмайтынына тоқталды. "Ешқашан да құрылыс материалдарына ақша үнемдеуге болмайды. Әсіресе, желімдерге, құрғақ қоспаларға, еденді тегістейтін желімдерге ақша үнемдеудің қажеті жоқ. Олардың сапасы жақсы болуы тиіс", - дейді Гүлсара Халитова.

Сонымен қатар, ол жөндеу жұмыстарын жылдың кез келген мерзімінде жасала беретінін және жыл мезгіліне байланысты бағаның еш өзгермейтінін айтады. 

"Жөндеу жұмыстарын кез келген уақытта жасай береміз. Әрине, қысқы уақытта ғимараттағы бөлмелердің температурасы 18-25 градус аралығында болуы керек. Жыл мезгіліне байланысты баға төмендейді немесе жоғарылайды деп айта алмаймын. Баға әрқашан бір қалыпта", - деді Гүлсара Халитова.

Ал ақшаны қалай үнемдеуге болады деген сұраққа маман былай деп жауап берді.

"Айтып өткенімдей, ақша үнемдеу үшін ең бастысы жақсы бригада таңдау керек. Нағыз мамандар барлығын жіті санап, қажетті ғана материалдарға тапсырыс береді. Артық, қажеті жоқ материалдар алдыртпайды. Жұмыс істеу барысында да үнемдеу барысында. Қоқысқа ештеңе лақтырмай, барлығын нақты технологиялар бойынша жасайды", - деп түсіндірді Гүлсара Халитова.

Сондай-ақ, ол көбіне адамдардың дизайнерлерге ұрынып қалатынын айтады. Маманның айтуынша, дизайнерлер әдетте үй иелерін өздері келісімшарт жасасқан дүкендерге апарып, материалдарды қымбатқа алдырып жатады. Сондықтан маман үстінен артық ақша төлемей, мұқият болуға кеңес берді.

Ал жөндеу жұмыстары үшін қазір шамамен қанша қаражат керектігі жайлы сұраққа, маман әдетте күрделі жөндеулер үшін шаршы метріне 20 000 теңгеден бастап алатынын айтады. Маманның айтуынша, бұл сомаға есік орнату кірмейді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer