ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 октября 2021 | 11:58

Пенжім атауы не білдіреді және ауыл туралы не белгілі?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ашық интернет көзінен © Ашық интернет көзінен

27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес шығып, 16 жастағы бала ауруханаға түсті. Осы жайттан кейін ауылда тәртіпсіздіктер орнап, бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезелерін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі қазір қызу талқыланып жатқан өңір туралы, оның атауы мен халқы жайлы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес шығып, 16 жастағы бала ауруханаға түсті. Осы жайттан кейін ауылда тәртіпсіздіктер орнап, бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезелерін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырғаны хабарланды. Tengrinews.kz тілшісі қазір қызу талқыланып жатқан өңір туралы, оның атауы мен халқы жайлы баяндайды.

Пенжім ауылы Алматы облысы Панфилов ауданында, Жаркент қаласынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде  орналасқан, ол - Пенжім ауылдық округі орталығы. Ауыл арқылы республикалық дәрежедегі Жаркент-Қорғас автомобиль магистралі өтеді. 

Уикипедия ашық энциклопедиясындағы ақпаратқа сәйкес, ауыл 1950-1997 жылдары Калинин атындағы жүгері өсіретін ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Пенжімде және округтегі Ават, Төменгі Пенжім, Қорғас ауылдарында ӨК, ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылған. 

Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Пенжім атауы бұрыннан бар, ол ұйғыр тілінен "бас ауыл" деген мағынаны білдіреді. Ауылдық округте 12 500-ге жуық тұрғын өмір сүреді

"Олардың ішінде 7 000-нан аса қазақ, 5 000-ға жуық ұйғыр ұлты тұрады. Олар негізінен жүгері, көкеніс өсірумен айналысады. Ал Пенжім ауылының өзінде 5 308 адам тұрады", - деді Панфилов ауданы баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік ұсынған статистикаға сәйкес, халықтың 22 пайызы, яғни 1014 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. 611 адам шаруа қожалықтарында қызмет етеді. 48 адамның шағын және орта бизнесі бар. 

Халықтың 5,8 пайызы немесе 271 адам білім беру саласында жұмыс істейді. Ал денсаулық сақтау жүйесінде 44 адам. Ауылда 595 зейнеткер бар, бұл халықтың 12,9 пайызы. 172 адам жұмыссыз. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer