Pfizer салдырған жүкті әйелдің баласы дүниеге сау болып келе ме? Маман жауабы

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектескенін атап өтті. 

"Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп айта аламыз", - деді Светлана Сұлтанғазиева. 

Ведомство өкілі әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты. Олар: клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. 

"Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды", - деді ол. 

Светлана Сұлтанғазиева "Вакцина алған жүкті әйелдің баласы сау болып дүниеге келуіне кепілдік бар ма?" деген сұраққа жауап берді. 

"Вакцина алғаннан кейін бала басқалай ауруға шалдығуы мүмкін емес. Бала туғаннан оларға қаншама вакцина салынады. Туберкулезге, қызылшаға қарсы. Енді коронавирусқа қарсы вакцина салса, ол бала ауруға шалдығуы мүмкін емес қой. Жанама әсері болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Пайдасы көбірек", - деді маман.  

Еске салайық, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді. Алматыға 379 мың доза келді. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 517  course up  587.02  course up  6.32  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 9
Астана 6
Актау 13
Актобе 2
Атырау 6
Б
Балхаш 6
Ж
Жезказган 6
К
Караганда 6
Кокшетау 5
Костанай 8
Кызылорда 4
П
Павлодар 6
Петропавловск 11
С
Семей 11
Т
Талдыкорган 10
Тараз 12
Туркестан 6
У
Уральск 9
Усть-Каменогорск 15
Ш
Шымкент 8

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro