ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 января 2021 | 11:18

"Погон таққандарсыз жүзеге аспайды". Мәжілісте көлік ұрлау схемасын жою мәселесі талқыланды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет:  ©РИА Новости Көрнекі сурет: ©РИА Новости

Қазақстанда 15 жылда 40 303 көлік ұрланған. Содан 223 көлік ТМД елдерінде анықталған, алайда тек 66 көлік елге қайтарылған. Мәжілістің жалпы отырысында көлік алаяқтарының схемасын жою мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 15 жылда 40 303 көлік ұрланған. Содан 223 көлік ТМД елдерінде анықталған, алайда тек 66 көлік елге қайтарылған. Мәжілістің жалпы отырысында көлік алаяқтарының схемасын жою мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Гүлнар Бижанова ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан көліктің VIN-кодын заңсыз алып, басқа көлікке қойып сататын алаяқтықпен қалай күресіп жатқанын сұрады.

"Көлік саласындағы алаяқтар арасында алты шанақ сериялық нөмірі бойынша көліктің "егізі" (двойник) деген схема кең таралған. Қылмыстық жолмен жаңа көліктің VIN-коды алынады да, тура сондай түстегі, маркасы бір ұрланған көліктерге қойылады да, сатылады. Мұндай жолмен ұрланған көліктер Еуразиялық нарықта да сатылады. Салдарынан көлік иелерінің заңды құқығы бұзылады. Олар шетелде тура өз көлігіндей автомобиль жүргенін тіпті сезбейді де. Міне, осындай қылмыстарды жою үшін Қазақстан қандай шара қолданып жатыр және мемлекетаралық механизмдер бар ма?" - деді депутат Мәжіліс отырысында.

Ішкі істер министрі алаяқтықтың бұл схемасы туралы толығырақ айтып, қалай шешетінін жеткізді.

"Иә, мұндай жолмен көлік сату кең таралған. Бізде бұл мәселеге қатысты 1993 жылы қабылданған "Минск конвенциясы" бар. Сондай-ақ әлеуметтендірілген қылмыспен күресу үшін бірқатар келісім жасалған. Ол жерде құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу керек деп нақты көрсетілген. VIN-кодты қалай алады? Басқа елден тура сондай көлік: түсі, маркасы, қозғалтқышы бірдей қылып таңдап алып, VIN-код енгізіледі. Мұндай алаяқтық схемасы ТМД елдерінде кеңінен таралған. Бізде қазір мемлекеттік органдар арасында интеграцияланған деректер базасы бар. Бірде-бір көлік Қазақстан территориясына кіргеннен кейін құқық қорғау органдарының назарына түспей қалуы мүмкін емес. Себебі кеден органы тіркегеннен кейін біз оны көреміз, егер VIN-код деректер базасында болса, көлік тіркелген болса, бірден көреміз. Яғни ол әлі елге кіру үшін кеден рәсімдерінен өтпей жатып, оған арест тағылады. Содан кейін бұл көліктің Қазақстан территориясына қалай кіргенін анықтаймыз.

Көбіне басқа ел территориясына ұрланған көлік кіргізіледі. Басқа елдің VIN-коды қойылады. Алдымен біз сараптама тағайындаймыз. Ондай нөмір түпнұсқа ма, жоқ па, соны анықтаймыз. Егер ол көліктің ұрланған екені анықталса, сол елге қайтарамыз. Егер түпнұсқа нөмір болса, онда алып келген адамға көлік тіркеледі. Бұл жерде біз өз азаматымыздың құқығын қорғаймыз. Ол көлік деректер базасынан өтті, кеденде рәсімделді, автосалоннан алынғаны расталды және оның екінші нұсқасы болуы мүмкін емес. Мұны сараптама ғана анықтай алады", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.

Ол қазіргі таңда көлік ұрлап сатудың тағы бір алаяқтығы тіркеліп жатқанын атап өтті.

"Алаяқтар ұрланған көлікті шашып тастайды, VIN-код енгізбейді. Олар VIN-код енгізілген панельді балқытып, басқа көлікке салып қояды. Қазір біз мұндай қылмыстарды жою үшін бірқатар шара атқарылды", - деді министр.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин VIN-код тек ішкі істер органдарының қызметкерлерінде болатынын ескертіп, мәселені шешуді сұрады. Тіпті осы схеманың "басында" отырғандардың орнына басқа заңды орындайтын азаматтарды отырғызуды тапсырды.

"Сіз бұл жүйелердің бәрін жақсы білетініңіз көрініп тұр. (...) Бізде осылай ұрланған көліктерді сатады: бізден оларға, олардан бізге. Көбіне бұл шекаралас мемлекет болған соң Ресеймен аралықта жиі тараған. Сіз айтқан схемадағы маңызды жайт: VIN-кодты алу. Сөйтіп көлікті "заңдастырып" алады. Ешкім ұрланған көлікті кеден арқылы рәсімдеп өткізбейді. Бұдан басқа схемасы бар. Олар Ресейде жоқ көлікті рәсімдейді, ол Қазақстан Республикасынан ұрланбайды. Олар ішкі істер органдарынан сол VIN-кодты алады, әдейі тапсырыс береді. Көлікті тіркеуге қойып қана қоймайды, тіпті сақтандыру компанияларымен ымдасып, келтірілген шығындар үшін деген желеумен қомақты қаржы өндіріп алады. Салдарынан азаматтарымыз зардап шегеді. Себебі ол көлігін сату үшін ХҚКО-ға келгенде оған: "Сіздің көлігіңіз ұрланған, яғни іздестіріліп жатыр" дейді", - деп пікір білдірді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, бұл трансұлттық масштабтағы әрекет.

"Бұл схемалардың бәрі, Ерлан Заманбекұлы, кешіріңіз, погон таққандардың қатысуынсыз жүзеге аспайтыны түсінікті ғой. Қазақстанда да, басқа елдерде де. VIN-код деген жеке дерек қой. Ол кез келген жерде бола бермейді. Ол осы шаруамен айналысатын адамдар да ғана бар. Оларды кім сатады? Бұл мәселе бойынша бірнеше рет жиналыс өткізудің қажеті қанша? Заңды орындайтын адамдарды отырғызу керек. Сіз нәтиже көрсететін генералсыз, білеміз. Бірақ тәртіп орнатыңыз. Не болып жатқанын қараңыз. Қазақстанда 15 жылда 40 303 көлік ұрланған. Соның айтарлықтай аз бөлігі Қазақстанда қалған. Бұл көліктердің көбі шетелге шығады. Көбіне олар қымбат көліктер. Басқа құрлыққа кете алмайды ғой, жақын елге шығады. (...) Содан 223 көлік ТМД елдерінде анықталған, ал Қазақстанға 66 көлік қайтарылған. Міне жұмыстың "нәтижесі". Реттеу керек. Осы келісімді ратификациялағаннан кейін сіз барлық құралды аласыз", - деді ол.

Айта кетейік, Мәжілісте "2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer