Қадірлі қауым!
Қымбатты спортшылар!
Ең алдымен, баршаңызды Париж Олимпиадасындағы жеңістеріңізбен құттықтаймын!
Аламан басталған сәттен бәріміз бір ел, бір халық болып, спортшыларымызға қолдау көрсеттік. Сіздерге 20 миллион отандасымыз жанкүйер болды деп айтсақ, артық болмайды. Әрбір жеңіс – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі.
Мен Олимпиада чемпионы – Елдос Сметовтің жеңісін ерекше атап өткім келеді. Ол байрақты бәсекенің алғашқы күндері Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады. Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды. Елдос бауырым, сен Олимпиадаға аттанар алдында маған және барлық спорт жанкүйерлеріне бар күш-жігерімді жеңіске жету үшін жұмсаймын деп уәде бердің. Сөзіңде тұрдың. Нағыз жігітсің! Біз бәріміз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемпионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ Нариман Құрбановтың күміс жүлдесін тарихи жетістік деуге болады. Гимнастика шеберлері тұңғыш рет Олимпиада биігін бағындырып отыр. Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті. Мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысана көздеуден қола медаль алды. Бұл – 28 жылдан бері еліміздің осы спорт түрінен алған алғашқы жүлдесі. Балуан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына қосылды.
Жалпы, барлық мемлекет Олимпиадаға ең мықты спортшыларын жібереді. Шын мәнінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, әлемдік бәсекеде жеңіске жету оңай емес. Мұндай жаһандық додада ел қоржынына түскен әр медальдің орны айрықша. Сондықтан бүгін мен Олимпиада жүлдесіне ие болған барша спортшыларымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жеңіс жолында спортшы ғана емес, сол саланың көптеген мамандары да тер төгеді. Мен бапкерлерге, спортшыларды дайындауға үлес қосқан басқа да кәсіп иелеріне алғыс айтамын. Ұлттық олимпиада комитетінің басшылары жұмысқа жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды қадам жасады. Жауапты сәттерде спортшыларымыздың қасында болып, қолдау көрсетті. Ұлттық олимпиада комитеті бастаған істі жалғастырып, алдағы уақытта нақты нәтижеге жетеді деп ойлаймын.
В целом эти игры продемонстрировали важность дальнейшей поддержки олимпийских видов спорта. Результаты прошедшей Олимпиады свидетельствуют о том, что наши атлеты имеют возможности для дальнейшего роста. Некоторые из вас остановились буквально в нескольких шагах от пьедестала, заняв места в первой десятке. Это показатель мастерства и воли к победе.
Вместе с тем очевидно, что в профессиональном спорте накопилось немало серьезных проблем, которые предстоит решить. Государство выделяет достаточно средств на подготовку спортсменов самого высокого уровня. По объему финансирования мы первые в регионе и даже за его пределами. Поэтому справедливо, что по некоторым дисциплинам граждане ожидают от наших спортсменов впечатляющих достижений на международных соревнованиях.
Профильное ведомство должно провести детальный анализ системных упущений в развитии олимпийских видов спорта. Назрели комплексные реформы, для реализации которых требуются слаженные действия уполномоченного министерства, Национального олимпийского комитета и спортивных федераций. В спорте должен царить здоровый дух честного соперничества, следует решительно бороться с коррупцией, отказаться от протекционизма и других факторов, мешающих достижению высоких результатов.
Сондай-ақ, бұқаралық спортқа және балалар мен жасөспірімдер спортына баса мән беру қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Себебі, бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз. Сондықтан, мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөлуде, яғни балалардың жастайынан алаңсыз спортпен шұғылдануына қажетті жағдайды жасап жатыр. Еліміздің аймақтарында 20 мыңнан астам спорт алаңдары жұмыс істеп тұр, 16 мыңнан аса арнайы кешендер мен залдар бар. Осы нысандардың барлығы толыққанды қызмет етуге тиіс және спортпен айналысам деген әрбір адамға қолжетімді болуы керек.
Во всех областных центрах и районах должны функционировать секции футбола, бокса, борьбы, баскетбола, волейбола, стрельбы из лука, настольного тенниса, шахмат и других популярных видов спорта. Это задача акимов. Правительству следует проанализировать эффективность работы спортивных сооружений и принять соответствующие решения по данному вопросу. В подготовке спортивного резерва ключевую роль играют детско-юношеские спортивные школы. У нас имеется разветвленная сеть ДЮСШ, которая включает свыше 500 школ. Но есть вопросы к эффективности их деятельности. Из 162 видов спорта, которые развиваются в ДЮСШ, всего 52 относятся к олимпийским. Поэтому резерв олимпийских видов спорта не пополняется в достаточном количестве способными детьми, что приводит к ухудшению результатов в спорте высших достижений.
В этой плоскости также лежит проблема неравномерного финансирования, которая ведет к "распылению" большей части бюджетных средств. Обучаться в ДЮСШ должны дети в возрасте до 18 лет, а не до 29 лет, как сейчас, и только по тем видам спорта, которые входят в перечень спорта высших достижений. А базой подготовки резерва в сборные команды страны станут областные Высшие школы спортивного мастерства.
Спортта "Бақ шаба ма, бап шаба ма?" деген сөзді жиі айтып жатамыз. Шын мәнінде, мықты бапкерден тәлім алу – табысқа жетудің бірден-бір жолы. Нағыз спортшыны бала кезінен танып, оның қабілетін ұштап, бойындағы дарынын ашатын да – осы бапкер. Сол себепті спорт саласына жоғары білікті мамандарды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажет. Өкінішке қарай, көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады. Олар сол жерге барып, жас спортшыларды тәрбиелейді, яғни, басқа мемлекеттің ұлттық құрама командаларын әлемдік додаларға дайындайды. Мысалы, осы Олимпиада ойындарында Тунис елінің тхэквондодан ұлттық құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен екі медаль жеңіп алды, оның біреуі – алтын медаль.
Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керек, әсіресе, олардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру өте маңызды. Бір сөзбен, бізге мықты бапкерлер мектебін жасақтау қажет. Жалпы, бапкерлер құрамын дайындау және таңдауға келгенде, яғни спорт менеджменті мәселесінде озық халықаралық тәжірибеге арқа сүйеген жөн.
Следует отказаться от практики натурализации иностранных спортсменов. Ведь любой легионер, как правило, лишает места в национальной сборной наших молодых и перспективных атлетов. При этом целесообразно рассмотреть возможность привлечения сильных иностранных тренеров в те виды спорта, где у нас сейчас есть проблемы. Спортсмены-легионеры не могут обеспечить долгосрочный успех, здесь важен профессиональный тренерский подход.
Спорт мектебіндегі бапкерлердің біліктілігін арттыру – өте маңызды міндет. Қазір олардың жартысына жуығында арнайы дәреже жоқ. Сондықтан, кәсіби тұрғыдан шыңдау, яғни жетілдіру жұмысына баса мән беру қажет. Үкімет әкімдіктермен бірге осы мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.
Олимпиада резервін дайындайтын мектеп-интернаттар мен колледждерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Мұндай оқу орындары барлық аймақта болуы қажет. Алматыда жаңа Олимпиадалық даярлық базасы салынды. Бұл біздің спортшыларымыздың жоғары деңгейде жаттығуына зор мүмкіндік береді. Қазір Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр. Оқу орны спорттық білім берумен шектелмейді. Онда заманауи зерттеу орталығы ашылады. Осының бәрі елімізде чемпиондардың жаңа буынын дайындап шығаруға жол ашады деп сенемін.
Келесі мәселе. Жас спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіру өте маңызды. Ұлттың жаны – таза, санасы – сау болуға тиіс. Спортшылар, ең алдымен, спортпен шұғылдануы керек.
Тағы бір міндет – спорт қауымдастықтарының тиімділігін арттыру. Олардың көбі мықты спортшыларды іріктеп, кәсіби тұрғыдан өсірудің оңтайлы жолын таппай келеді. Соның салдарынан нағыз дарынды жастар көзге ілінбей, жолы ашылмай қалады. Сондықтан ел ішіндегі түрлі жарыстарда әділдік болуын қамтамасыз ету керек. Спортшыларды іріктеу жұмыстары барынша ашық жүргізілуге тиіс.
Кроме того, требуется разработать единый стандарт подготовки спортсменов и принять меры, направленные на повышение квалификации тренеров и судей на основе современных методик.
Поступает много жалоб на недостаточное внимание со стороны федераций к обеспечению наших спортсменов качественными медицинскими услугами. А ведь сегодня спортивная медицина во всем мире признана неотъемлемым элементом успешной спортивной подготовки.
Это высокотехнологическая сфера, требующая инноваций, передовых научных знаний и высококвалифицированных специалистов.
Государство выделяет необходимые ресурсы для этого, много средств поступает от спонсоров – федерации должны обеспечить их эффективное использование. Поручаю провести анализ деятельности республиканских федераций и пересмотреть подходы к их финансированию. В целом, за последние пять лет наши расходы на спорт высших достижений выросли в два раза, но адекватной отдачи нет. Считаю, что это является следствием отсутствия управленческой вертикали и согласованности работы профильного министерства, Национального олимпийского комитета, управлений спорта в регионах и спортивных федераций.
Судя по текущей ситуации, спортивные функционеры занимаются не развитием спорта, а освоением многомиллиардных бюджетов, не ориентируясь на конечный результат. В сфере спорта регулярно фиксируются факты коррупции. Это наносит колоссальный урон не только развитию отечественного спорта, но и имиджу страны. Такая ситуация недопустима!
Перекосы наблюдаются и в работе местных исполнительных органов, а также структур, ответственных за развитие спорта в регионах. Сегодня каждый регион самостоятельно принимает решения о поддержке тех или иных видов спорта. Национальные спортивные приоритеты при этом не учитываются, нет и серьезных результатов. Как следствие, возникают системные сбои по всем ключевым направлениям спортивной отрасли.
Перед нами также стоит задача повышения авторитета Национального олимпийского комитета среди спортивной общественности Казахстана и за рубежом.
Поручаю Правительству взять ситуацию на контроль и восстановить вертикаль управления на всех уровнях.
Біз ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Көп ұзамай Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл – еліміз үшін өте маңызды іс-шара. Оған әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысады. Бұл сайыс арқылы біз, ең алдымен, төл өркениетіміздің тамыры терең тарихын жер-жаһанға паш етеміз. Сондай-ақ дүбірлі дода түрлі елдердің достығын нығайтатын маңызды қадам болмақ. Көшпенділер ойындары экологияны сақтау, Қазақстанды жасыл елге айналдыру және абаттандыру тақырыбын көтеруге жақсы мүмкіндік береді.
Олимпиада кезінде түбі бір түркі жұрты өзара тілектестік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Спортшылар да, жанкүйерлер де көрші елдердің әрбір жеңісіне шын жүректен қуанды. Бір-біріне қолдау білдіріп, қажет болса көмектерін де аяған жоқ. Тіпті, балуандарымыз жеңіс тұғырына туған бауырлар сияқты бірге көтерілді. Халықтар арасындағы риясыз достық дегеніміз – осы! Бұл – шын мәнінде, баға жетпес байлық. Біз барлық салада бір-бірімізге тілектеспіз. Көшпенділер ойындары бауырлас елдердің осындай мызғымас бірлігін бекемдей түспек. Сондықтан, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек.
Жалпы, алдымызда көп жұмыс бар. Кемшіліктен қорытынды жасап, қателіктен сабақ алып, нақты іске кірісу керек.
Пользуясь случаем, хочу обратиться ко всем соотечественникам. Проблемы, копившиеся в спорте годами, невозможно решить за один олимпийский цикл. Олимпийские медали, конечно, важны, но главное для нас – широкая и последовательная поддержка массового спорта, формирование всесторонне развитой, здоровой нации. Для этого мы проводим масштабные реформы в ключевых направлениях: здравоохранении, социальной сфере, образовании, науке, культуре и, конечно же, спорте. Поэтому любой ценой добиваться медалей – не наш путь. Все мы помним, какими средствами в прошлом в угоду ложной славе достигались такие цели. В итоге здоровье многих спортсменов пострадало, они ушли из спорта, а репутации страны был нанесен ущерб. Казахстану не нужны мнимые однодневные достижения. Я уже говорил о том, что нас не должно волновать то, что о нас подумают, мы должны гораздо больше заботиться о том, кем мы являемся на самом деле. Нам нужно двигаться вперед системно, уверенно, не оглядываясь по сторонам. Нельзя по любому поводу посыпать голову пеплом, копаться в прошлом, впадать в депрессию и нигилизм.
Біздің мақсатымыз – баршаға айқын. Бұл – озық ел болу. Сондықтан біз бір ел, бір халық болып, тек алға қарай жүруіміз керек.
Олимпиаданың ең басты құндылығы – медаль ғана емес. Жаһандық бәсеке кезінде тұтас еліміз өзара тілектес, ниеттес болды. Ең басты құндылық – осы. Біз ынтымағы – жарасқан, бірлігі – мызғымас ел болуымыз керек, бір-бірімізге шынайы қолдау көрсететін халық болуымыз қажет.
Құрметті спортшылар!
Ертең Паралимпиада ойындары басталады. Еліміздің спортшылары осы жарыста бұған дейін де зор табысқа жеткен. Олар осы жолы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін. Сәттілік тілеймін!
Әрине, Олимпиада чемпионы атану – әр спортшының арманы. Ол үшін ұзақ жыл бойы үздіксіз дайындалып, тынымсыз тер төгу қажет. Болашақта да көптеген байрақты бәйгелер, дүбірлі додалар болады. Спортшыларымыз әлі талай белеске шығады деп сенемін. Қай салада болсын, алға мақсат қойып, оған табандылықпен, еңбекқорлықпен ұмтылу қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі жеңістеріміздің бастауы. Қазақ жұрты сайыпқыран өрендерін мақтан тұтады. Жас ұрпақ спортшыларымыздан үлгі-өнеге алады. Олар сіздерге қарап бой түзейді. Сондықтан, әрдайым чемпион деген атқа лайық болыңыздар.
Баршаңызға толайым табыс тілеймін. Көк байрағымыз биікте желбіресін!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!