“Регламентті бұзбадым“: Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Регламентті бұзбадым“: Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді Ардақ Назаров. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтап, қоғамда пікірталас тудырған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс отырысында анасын мерейтойымен құттықтап, қоғамда пікірталас тудырған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен анасын құрметтемей жүргендерге үлгі болсын деп айттым. Жалпы халық қарсы емес, тек кейбір адамдардың ниеті бөлек. Анасын сыйлай алмайтындар қарсы, ал ата-анасын ардақтайтындар қолдайды. Сондықтан өз бағытымнан қайтпаймын. Анасын, әкесін сыйлаған адам ғана еліне адал қызмет ете алады", – деді ол.

Бұл жолы кулуарда ақталды

Тілшілер "регламент бұзылды ма?" деп сұрағанда, Назаров ананың дәрежесі бәрінен жоғары екенін айтты.


"Бұздым деп ойламаймын. Қазақстанда анасын қорлап, әкесін ұрып жатқан жағдайлар бар. Менің сөзім соған өнеге болсын деген мақсатта айтылды", – деді депутат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Бұл Назаровтың алғашқы түсініктемесі емес. Бұған дейін ол Instagram парақшасында да халықтың сынына жауап жазған еді.

"Анасын туған күнімен құттықтады деп даурығып жатқандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қорлап, тепкілеп жатқан видеоны көрдік. Осындай жағдай қайталанбауы үшін мінберден ата-анаға құрмет жайлы айтқым келді. Мәселе – Парламент төрінде құттықтағанымда емес, мәселе – қайда жүрсең де ата-анаңды сыйлауда" – деп жазды депутат.

Айта кетейік, Ардақ Назаровтың құттықтауына қоғамда реакция әртүрлі болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары Мәжіліс отырысын "Поле чудес" бағдарламасына теңесе, енді біреулері депутатты қатаң сынап, Парламент қабырғасында қатаң регламент пен протокол сақталуы тиіс екенін еске салды. Тіпті оның құттықтауынан кейін әлеуметтік желіде түрлі мемдер мен пародиялық видеолар пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 0
Астана -23
Актау 1
Актобе -17
Атырау 0
Б
Балхаш -16
Ж
Жезказган -22
К
Караганда -23
Кокшетау -24
Костанай -8
Кызылорда -19
П
Павлодар -15
Петропавловск -10
С
Семей -2
Т
Талдыкорган -4
Тараз -4
Туркестан -9
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 2
Ш
Шымкент -15

 

Редакция Реклама
Социальные сети