СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
29 марта 2018 | 12:16

Сағынтаев Қызылорда облысын дамыту мәселелерін талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Бүгін Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл - жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленген.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің жобалық басқаруы аясындағы жаңа жаһандық шынайылық жағдайында экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қажетті атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ негізгі мақсатты индикаторлар туралы баяндады.

Кездесу барысында Қызылорда облысы экономикасының құрылымдық трансформациясын және сапалы әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ішкі қорларын анықтау және пайдалану жоспарлары қаралды. Осы мәселеге қатысты өздері жауапты бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі.

Талқылауға бизнес өкілдері де қатысты. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев жобалық басқару міндеттерін іске асыруға бизнесті тартудың басымдықты бағыттары туралы айтып берді.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделін құрудың басты бағыты. Осыған орай Үкімет кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 еседен астамға қысқартылды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына тексеріс жүргізілді: бақылаудың 25 саласы және қадағалаудың 3 саласы алынып тасталады. ШОБ субъектілерін тексерудің 17,6 мыңнан астам талаптары қысқартылды, мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттың әртүрлі түрлерін ұсыну бойынша бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар саны 30 пайызға азайды.

Бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен қайта реттеуге бағытталған заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын 30-дан астам ескірген санитарлық ережелер жойылады. Салықтық тексерістер саны 40 пайызға азаяды.

Отандық бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысы "Шағын несие беруді көбейту" төртінші әлеуметтік бастамасын жария етті. Бұл мақсатқа қосымша 20 млрд теңге бөлінеді (ауылдық жерлерде несие беруге - 14 миллиард теңге, қалаларда несие беру үшін - 6 миллиард теңге).

Президенттің тапсырмасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен халықтың экономикалық белсенді емес топтарын экономиканы дамытуға тарту жөніндегі міндеттерді орындауға, сондай-ақ цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Облыстың кадрлық әлеуетін нығайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бес әлеуметтік бастама шеңберінде студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылауды қорытындылай отырып, Бақытжан Сағынтаев Үкімет бизнесті дамытуға не кедергі келтіретінін, шешімін табудың қандай жолдары бар екенін және қалай көмектесуге болатынын білуі қажет екенін айтты. Жобалық басқару бизнес және мемлекеттік органдарға үнемі байланыста болуға, кәсіпкерлікті дамытудың мәселелерін шұғыл шешуге, сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, жаңа өндіріс орындарын ашу мен бизнесті несиелендіру тұрғысынан нарық қажеттіліктеріне талдау жасау керектігі көрсетілген.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу, Индустриялық-инновациялық даму, АӨК мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде және экономиканы әртараптандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан бірқатар өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындарды аралау, сондай-ақ, ғарыш саласының дамуымен, Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы мен ғарыш айлағымен танысу жоспарланған.

Арал маңында Арал өңірінің активі мен жұртшылығымен Солтүстік Арал жобалары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer