ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 августа 2023 | 15:39

"Сәл-пәл қамалып оңалдың ба?" Бостандыққа шыққан Төреғалидің оқырмандары не деді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/toregalitoreali Фото: instagram.com/toregalitoreali

Бостандыққа шыққаннан кейін халық алдына шықпай кеткен әнші Төреғали Төреәлі кеше жазба жариялаған болатын. Әншінің оқырмандары өнер иесінің жазбасына түрлі пікір жазған. Оның ішінде, көптеген адам әншіге өлең шумақтарын арнаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бостандыққа шыққаннан кейін халық алдына шықпай кеткен әнші Төреғали Төреәлі кеше жазба жариялаған болатын. Әншінің оқырмандары өнер иесінің жазбасына түрлі пікір жазған. Оның ішінде, көптеген адам әншіге өлең шумақтарын арнаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің өзі бостандыққа шыққаннан кейін кеше алғаш рет жазба жариялаған болатын

"Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.
"Орнында бар оңалар" бәрін қойшы
Праваны айтсайшы, пыраваны!", - дейді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

Айта кетейік, әнші Төреғали Төреәлі 18 шілдеде бостандыққа шыққан болатын.

"Төбеттей боп қойып жүрсің тамашаны,

Шығады Төрештің жаңаша әні,

Праваны қоя тұр алдыменен,

Қою керек шегуді анашаны", - дейді 02region.almaty атты қолданушы.

Төреғали Төреәлі 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта келе жатқан кезінде ұсталған кезінде есірткіге мас екені белгілі болды.

"Әп тентек мында оралдың ба?

Сәл-пәл қамалып оңалдың ба?

Жігітсің отыздан асқан орда бұзар,

Шыға берме еркелікпен атың тозар.

Бұл дегенім саған жерлес, сыным емес,

Жай ғана бауырлық ақыл-кеңес", - дейді zkriyauly атты қолданушы.

Әнші үшін отбасында ұрсысып та қалғандар бар.

"Төреғали басқасы білмеймін, мен дәл осындай күттім шынымды айтсам, сен үшін уайымдау басқасынан біз отбасымызбен кешкі аста ұрсысып та қалғанбыз, сені жақтаймын деп. Өте керемет ұлы даласына сай, халықпен қазақ домбырасымен мәмілелесіп ақырын анық жеткіздің. Азаматсың", - дейді ali_sher199089 атты оқырман.

Әнші қамауда отырғанымен қатар көлік жүргізу куәлігінен айырылған болатын.

"Праваны ақшаң бар қолың ұзын аларсың, ақшаға сатылмайтын ар, намыс, абырой деген дүниелер бойыңнан орын алуы керек", - дейді akerkemubarakovna атты оқырман.

"Пыраваны қайтесің, пырылдатып.

Онсызда жүресің ғой шырылдатып.

Ақын жігіт ең алдымен анаңды ойла,

Еш алаңсыз жүрсіңдер ғой күнде тойда,

Киелі сахынаның төріне кеп,

Қолдайтын халықты сыйлаңдар тек", - дейді тағы бір оқырман.

Тағы бір оқырман ертеде халыққа небір бұзық тентектер еркелегенін айтады.

"Бірақ ол кезде Әлеуметтік желі болмады, бәле іздеп отқа май құятын жандар болмады, рейтинг қуған тілші болмады. Қазір ғой бәленің барлығы жер бетіне шықты. Лажы барынша қазақ құлап, қазақ шалынып қалса екен дегендер көбейді. Өкінішті. Ең қызығы сол теріс тілектің иесі өзіңнің қазағың екені есіңе түссе, ащы жасың көзден емес жүректен шығып, жүректі ашытады", - дейді ол.

Әншінің жазбасына пікір қалдырған тағы бір оқырман Төреғали кінәсін мойындауы керегін айтады.

"Сені милиция түсірген жоқ, өзің іздеп таптың ғой, сабаса да іс бойынша сабады, мойындау керек, кінәні өзіңнен іздеуің керек. Тәкаппарлықты Алла осылай сабаңа түсіреді. Бұл - сынақ. Құдай абыройды береді, өзі қайтып алады бір-ақ күнде", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видеосы мен суреттері тараған еді.

Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Ведомство мәліметінше, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 600-бабы 1-бөлігі және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылған.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетіні хабарланды.

Кейін Қазнетте Төреғали Төреәлі Алматыда Land Cruiser айдап жүргені туралы хабар тарады.

Қамауда отырған Төреғали Төреәлі Алматыда көлік айдап жүргені рас па?

Алматының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

"Бұл - жалған ақпарат, яғни шындыққа жанаспайды. Әртіс Алматы полиция департаментінің әкімшілік-қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауда өтеуді жалғастырып жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.

Әнші 18 шілдеде бостандыққа шықты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer