ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 сентября 2020 | 16:11

Сенім, алдану, өкініш: жүкті болып қалған қыздарға кім көмектеседі?

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын жетімдер саны мың балаға кеміп жатыр. Республикада тәрбиеленушілердің азаюына байланысты 3 балалар үйі жабылған. Қазір 5 мың жетім бала бар, олардың жартысынан көбі - ерекше қажеттіліктері бар балалар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын жетімдер саны мың балаға кеміп жатыр. Республикада тәрбиеленушілердің азаюына байланысты 3 балалар үйі жабылған. Қазір 5 мың жетім бала бар, олардың жартысынан көбі - ерекше қажеттіліктері бар балалар.

Жүкті болып, жалғыз қалған болашақ аналарға кім көмектеседі? Қайда бару керек? Баланы қасақана тастаған аналарға қатысты қандай жаза қолданылады және мұндай салдар болмауы үшін не істеу керегін Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Студенттер емханасының бас дәрігері Айгүл Асенқызынан сұрап көрді. 

Баланы тастайтын қыздар неге көбейді? 

"Сарапшылардың, психологтардың пікірінше, мұндай әрекет реактивті психозға жатады, яғни дені сау адам бір сәтте шындығын жоғалтып, жағдайға байыппен қарай алмайды. Бұл әдетте күйзеліс кезінде болады. Өкінішті, әрине, бірақ баласын тағдырдың тауқыметіне саналы түрде қиып тастап кететіндер де аз емес. Бірі жастықтың әсерінен шалыс қадам басып, ақыр аяғы бауыр еті баласын тастап кетеді. Енді бірі шаранасының өмірге мүгедек болып келгенін көріп, оны бағып-қағуға шамасы келмейтінін айтып, бас тартады. Енді бірінің отбасы толыққанды болмағандықтан осындай қадамға барады.

Тізе берсе, сан түрлі сылтау табылары анық. Мысалы, бір қыз махаббаттың машақатына еріп, жүкті болып қалады делік. Мұны естіген жігіті ұшты-күйлі ғайып болады. Теріс әрекетінен сабақ алмаған бойжеткен баласын саналы түрде, перзентханаға тастап кетеді. Алайда, тағдырдың бар тауқыметін жаңа ғана өмір есігін ашқан шаранасына артып кете баратыны санаға сыймайды. Ана алақанының жылуын сезінбеген тастанды сәбидің қатары тағы біреуге артады. Бұл жай бір ғана мысал...
Қоғамда мұндай көріністердің белең алуы әрине өте ауыр. Егер мәселенің түбіріне келетін болсақ көкек аналардың көбеймеуіне үйдегі тәрбиенің маңызы орасан зор.

Біріншіден, бұл ата-аналардың өз балаларына жеткілікті көңіл бөлмеуінен. Күнкөрістің қамымен ата-аналар таңнан кешке дейін жұмыста, не болмаса тым қатты қатал, талапшыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалар бақытсыз, жауапсыз, қорқақ, жасқаншақ болып өседі. Жалпы ата-ана мен баланың арасында сенімді байланыс жоқ. Бірақ, сіз жай ғана балаңызды құшақтап, қандай жағдай болса да, ол ең жақын әрі жақын болып қала береді деп айта аласыз және оның қиындықтары мен бақытсыздықтарын қабылдауға дайын екеніңізді ескертіп, демеу бола аласыз. Сіздің балаларыңыздан қымбат ештеңе жоқ. Өкінішке қарай, көптеген ата-ана мұны түсінбейді", - дейді маман. 

Заң бойынша қандай шара қолданылады?

"Негізі себептері әртүрлі болғандықтан оған әртүрлі заң баптары қолданылады. Біз сенім артатын негізгі құжаттар - "ҚР Неке және отбасы туралы", "ҚР баланың құқықтары туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" заңдар. Мысалы, егер ана баласын балалар үйінде қалдырса, бұған қолданылатын жаза бір бөлек, егер оны дәретханаға немесе қоқыс жәшігіне т.б. тастаса, мүлдем басқа жаза қолданылады.

Сондай-ақ, ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-II "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңы (24-бап. Ата-ананың баланы тәрбиелеу, оны күту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттері):

1. Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер баланың жан-жақты дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын жасауға міндетті.

2. Ата-аналар баланы тәрбиелеуге, оған қамқорлық жасауға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы - Қауiпте қалдыру: 

1. Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін және балалық шақ, қартайу, ауру немесе басқа дәрменсіз жағдайға байланысты өзін-өзі сақтау шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған адамды қасақана тастау осы адам туралы немесе оның өзі оны өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайға қалдырса,

жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе жүз жиырма сағатқа дейiнгi қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе қырық бес тәулiкке қамауға алуға жазаланады.

2. Абайсызда көмек көрсетусіз қалған адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет.

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтыратын іс - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Аяғы ауыр болып қалды, ата-анасынан қорқады, айналадан ұялады. Қызне істеуі керек? Мұндай жағдайда қалған қыздарға көмектесетін әлеуметтік ұйым бар ма? Олар қандай көмек көрсетеді?

"Бүгінде елімізде 128 жастар денсаулық сақтау орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 11 орталық Алматы қаласында. Біздің емхананың өзінде мұндай орталық 2006 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келе жатыр. Жастар орталықтары бүгіннен бастап жұмыс принципін қалпына келтіріп, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығына баса назар аударады, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарындағы біздің мамандар осы тақырыпта көптеген түсіндірме жұмысын жүргізеді, қыздармен жеке әлеуметтік-психологиялық әңгімелер мен консультациялар жүргізеді. Біз науқастарды проблемамен жалғыз қалдырмаймыз. Жастар денсаулық орталықтарының байланыс ақпаратын Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтынан алуға болады.

Жастар денсаулық орталықтарына баруға шақырамыз. Ол жерде кез келген қиын жағдайда алғашқы психологиялық көмек көрсететін психолог мамандар жұмыс істейді. Психологтар баланың туылуына кедергі болмас үшін ата-аналармен әңгімелесу, жұмыстарын жүргізеді. Егер ата-аналар жүкті қызын үйге кіргізбеймін деп қызынан бас тартқан болса, бұл жағдайда дағдарыс орталықтары, әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталықтары жұмыс істейді. Дағдарыс орталықтарының барлық байланысын прокуратураның сайтынан табуға болады", - деді дәрігер.

Жақында Алматыда баланы арыққа тастап кетті. Абырой болғанда бала дін аман. Кей сарапшы мұндай дүниенің жалпыға таралуына қарсы. "Себебі оны көрген басқа қыздар да солай жасауы мүмкін" дейді. Екінші сарапшылар қоғамда мұндай жағдай болып жатқанын білу керек, көру керек дейді. Сіз бұл оқиғаға байланысты не айта аласыз?

"Қазақта ауруын жасырған аңдамай өледі деген сөз бар. Менің ойымша мәселені жабық күйінде қалдыруға болмайды. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін, қоғамда осындай жағдайлар болып жатқанын біліп, көруі үшін, басқа да қыз балаларға сабақ болуы үшін қажет. Осындай әрекеттерге баратын әрбір қыз бала олардың салдары туралы білуі керек", - деді маман.

Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді

Психикалық тұрғыдан баласын тастайтындарға қатысты қандай диагноз қойылады? 

"Әдетте, адамды үмітсіздік жағдайында тастаған кезде, бұл адаптация бұзылыстары бар депрессиялық эпизод деп аталады, бұл патология емес. Сондай-ақ, бірінші сұрақта айтылғандай реактивті психоз болуы мүмкін, яғни жалпы дені сау адам белгілі бір сәтте шындықпен байланысын жоғалтқан кезде болады", - деді маман.

Елімізде жыл сайын қанша бала тастанды болып қалады? 

"Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын жетімдер саны мың балаға кеміп жатыр. Республикада тәрбиеленушілердің азаюына байланысты 3 балалар үйі жабылған. Осылайша, бүгінде Қазақстанда 5 мың жетім бала бар, олардың жартысынан көбі - ерекше қажеттіліктері бар балалар", - деді Айгүл Асенқызы. 

Көбіне неше жастағы қыздар баласын тастап кетеді?

"Көбінесе жасөспірім жастағы қыздар балаларын жиі тастап кетеді. Біз барлығымыз өтпелі кезеңдерді бастан өткереміз, мысалы: нәресте, бала, жасөспірім, жас жігіт (қыз), ересек адам. Физиологиялық процестер жетілудің әр деңгейінде жүреді. Сондай-ақ эмоционалдық өрістің қалыптасуы, әлеуметтік бейімделу орын алады, құндылықтар жүйесі және тұлғаның жеке принциптері құрылады", - деді маман.
 

Қыздар мұндай жағдайға тап болмауы үшін ата-ана тарапынан қандай тәрбие жұмыстары жүргізілуі керек? Бала тәрбиесінде неге ден қою керек?

"Ата-аналар қыздармен жыныстық тәрбие туралы жас кезінен сөйлесуі керек. Баламен сенімді қарым-қатынас орната алса, бұл - үлкен іс. Кез келген жағдайда қиындығын ата-анасымен бөлісе алатын бала мұндай жағдайлардан аулақ болар еді деп ойлаймын. Өйткені, көбінесе бала қорыққаннан қателіктерге ұрынып жатады. Жүктіліктен аулақ болғысы келетін жасөспірімдер контрацепцияны қай жерде алуға болатынын және оны қалай қолдану керегін білмегендіктен не болмаса қандай да бір қате түсініктерінің салдарынан оған аса маңыз бермеуі мүмкін. Жасөспірімдер контрацепция алу үшін, жасына байланысты контрацепциямен қамтамасыз етуге қатысты шектеулі заңдарға байланысты сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің жыныстық денсаулығына қатысты білімнің жеткіліксіздігі де бар", - деді дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer