Төсекке тартып массаж жасатқан. Алматыда 10 жасар жеткіншекті зорламақ болған күдіктінің ісіне қатысты баланың анасы тың деректерді жария етті. Сөзінше, азғындыққа барған ер адам баланы қоқыс шығаруға көмектес деп сендіріп, пәтерге ертіп әкелген. Жыныстық қызығушылығын да сол жерде жүзеге асырыпты. Жан түршігерлік жайтты естіген көп-қабатты үйдің тұрғындары шу шығарды. Балаларының болашағына алаңдаған аналардың жанайқайын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.
Төсекке тартып массаж жасатқан. Алматыда 10 жасар жеткіншекті зорламақ болған күдіктінің ісіне қатысты баланың анасы тың деректерді жария етті. Сөзінше, азғындыққа барған ер адам баланы қоқыс шығаруға көмектес деп сендіріп, пәтерге ертіп әкелген. Жыныстық қызығушылығын да сол жерде жүзеге асырыпты. Жан түршігерлік жайтты естіген көп-қабатты үйдің тұрғындары шу шығарды. Балаларының болашағына алаңдаған аналардың жанайқайын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов
Камила Тілекқабылқызы азғынның арамза пиғылынан аман қалған Әлиханды алғаш көрген жанның бірі. Шошынған ұлын бауырына басып жұбатыпты ол. Бірақ, жыныстық сипаттағы "жара" бүлдіршіннің бойында өшпес үрей қалдырған. Бүгін де сабаққа бармаған, сыртқа жалғыз шығуға батылы жетпейтін көрінеді.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов. Баланың анасы Камила Тілекқабылқызы.
"Балам үйден 1-2 сағат ойнап келейінші деп шығып кеткен. Достарымен алаңсыз ойнап отырған сәтте жандарына бір кісі келіп сөзге тарта бастаған. Сөйтіп балалардың бәрі кетіп қалған. Содан кейін: Маған үйден қоқыс шығаруға көмектесші", - деп баламды пәтерге дейін ертіп апарған. Мен деген спортпен айналысамын, ұрып тастаймын, - деп қорқытқан. Үйге кіргізгеннен кейін "арқама массаж жасап берші" деп жердегі төсекке тартып массаж жасатқан. Сол кезде қолынан тартып, төсекке жатқызып іш киіміне қолын салып алған. Балам сол кезде бәрін түсініп қашып шыққан. Балам үйге келгенде қатты қорқып тұрды. Жылағысы келіп тұрды. Қатты дірілдеп: Там дядя! Он хотел меня! Он на меня трусы руку засунул, - деді. Құшақтап, қорықпа дедім. Өз-өзінен ұялып, денесін сипай береді. Сол кезде тәртіп сақшыларына бірден хабарластым.", - дейді анасы Камила Тілекқабылқызы.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов.
Алайда полиция қызметкерлері алғашында ананың айтқан ақиқатын тыңдауға құлықсыздық танытқан. "Арыз жазсаң өзіңді сүйрелейміз, баланың денесінде сызат та жоқ" деп істі жылы жабуға тырысыпты. Баласы үшін жанын беруге даяр Камила сол кезде табандап тұрып алған. Айқайға басқан соң арызын тіркеген.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов. Оқиға болған пәтер алды.
"Тәртіп сақшылары балаға кір келеді, бәрін шулатасыз, керек емес, мүмкін арыз жазбай-ақ қоясыз деп үгіттеді. Мен бірден айқайға бастым. "Қазір менің балам қашып үлгерді. Кейін басқа біреуді өлтіреді ғой", - дедім. Ешқандай дәлел жоқ деп ұзақ отырды. Сонда олар іс қозғау үшін міндетті түрде кісі өлтіруі керек пе? Жоқ әлде баламның денесінен сперма табылуы керек пе еді? Баламның шашынан тартып, аузына тығуы керек пе еді? Менің осы айқайымнан кейін арызымды қабылдады. Қазір ол педофиль бостандықта жүр. Ата-аналар шулап жатыр. Не үшін босатып жібергенін полиция айтпайды", - дейді баланың анасы.
Оқиға 20 сәуір күні кешқұрым болған. Жыныстық зорлық жасамақшы болған күдікті тұрғын үй кешенінің жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылысшы көрінеді. Барлығы дәліздегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті бұған дейін де бірнеше мәрте тұрғындардың зәре-құтын қашырған. Қазір қараша ұл-қызын қараусыз қалдыра алмайтын жағдайға жеткен.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.