ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 февраля 2021 | 18:13

Шалғай ауылдарда вакцинация қалай жүргізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ауылдарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ауылдарда вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК сарапшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте айтты. 

"Жылжымалы егу пункттері арнайы температуралық режимді ұстайтын контейнерлермен және термоконтейнерлермен жабдықталған. Жылжымалы егу бригадаларында дәрігерлер мен медбикелер бар. Олар арнайы дайындықтан өткізілген. Бригадалардың шығуы арқылы барлық мекенде, ол жерде егу пункті болмаған жағдайда жүргізіледі", - деді Нұршай Әзімбаева. 

Еске салайық, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Бірінші кезекте ресейлік вакцина салына бастады. Ал қазақстандық вакцинаны кейінірек салу жоспарланған. Бүгінде ол клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, алғашқы жартыжылдықта 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. Жалпы вакцинация 6 кезеңге бөлінеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети