ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 марта 2019 | 13:10

Шалқарлық шенеунік әзілдеймін деп басы бәлеге қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шалқарлық тағы бір шенеунік әзілдеймін деп басы дауға қалды. Бұл жолы Шалқар аудандық әділет басқармасының маманы теріс қылығы үшін жұмыстан кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияның сауалхатына берген жауабында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Анар Танербергенова айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шалқарлық тағы бір шенеунік әзілдеймін деп басы дауға қалды. Бұл жолы Шалқар аудандық әділет басқармасының маманы теріс қылығы үшін жұмыстан кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияның сауалхатына берген жауабында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Анар Танербергенова айтты.

Шенеунік биылғы 1 наурыз күні "Шалқарлық ТӨРТҚАРА бауырларға" атты құттықтау сөзін құжатқа жазып, оны департамент атынан мөр басып, Instagram желісінде жариялаған.

Әділет басқармасының құжаты ретінде толтырылған хатта "Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда ТӨРТҚАРАЛАР Күні атап өтілетіні" туралы жалған хабарлама жазылған. Шенеунік бұл "мерекенің" биыл төртінші рет атап өтілетінін жазған. 

"2019 жылдың 1 наурызында күнделікті әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Instagram желісінде "Шалқарлық ТӨРТҚАРА бауырларға" атты жағымсыз ақпарат жарияланғандығы анықталды (сол мезетте, Instagram желісінен "Шалқарлық ТӨРТҚАРА бауырларға" атты жағымсыз ақпарат өшірілді). Аталған дерек бойынша Ақтөбе облысы Әділет департаменті тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Шалқар аудандық Әділет басқармасының іс жүргізушісі А.Күзембаев өз қызметтік бабын пайдаланып пакеттер үшін арналған мөрді басып, құттықтау сөз жазу арқылы дайындалған құжатты Whatsapp мессенджері арқылы таратқандығы анықталды", - делінген ведомство жауабында.

Осылайша, бұл дерек бойынша аудандық әділет басқармасының басшысы міндетін атқарушыдан түсініктеме алынып, оған 4 наурызда өзінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін сөгіс жарияланған. Яғни басқарма басшысының міндетін атқарушы басқарма қызметіне тиісті бақылау жасамаған және ақпараттық қауіпсіздік тәртібін сақтамаған.

Ал құжатты толтырып, оған мөр басқан маман өз еркімен 1 наурыздан бастап қызмет орнын босатқан. Шенеуніктің басқармада 2017 жылдың 2 қарашасынан бері жұмыс істеп келгені айтылады.

Еске салайық, осыған дейін Интернетте шалқарлық тағы бір шенеунік "чики-чики" сөзімен аты шығып, коммуналдық шаруашылыққа жауапты Аян Қорқытұлын тәртіптік кеңес қызметіне толықтай сәйкес емес деп шешкен еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer