"Шай алуға ақшам жетпеді". Блогер ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, эксперимент жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Баспана алу және басқа да түрлі әлеуметтік мәселені жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, эксперимент жүргізді. Ол азық-түлік алуға есептелген қаражаттың жетпей қалғанын айтады. Блогер Tengrinews.kz тілшісіне эксперимент нәтижесі туралы баяндады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баспана алу және басқа да түрлі әлеуметтік мәселені жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, эксперимент жүргізді. Ол азық-түлік алуға есептелген қаражаттың жетпей қалғанын айтады. Блогер Tengrinews.kz тілшісіне эксперимент нәтижесі туралы баяндады.

Дәулет Төлеутайұлы мұндай экспериментті не үшін жасағанын түсіндірді.

"Өзім экономист болған соң әр нәрсені санап жүруді әдет қылғанмын. Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (Біржан Нұрымбетов - авт. еск.) елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің алдағы уақытта өспейтінін айтқан. Яғни, ол 32 668 теңге болып қала береді. Сондықтан, мен төменгі күнкөріс деңгейінің себетін есептеп көрдім. 55 пайызына тамақ алуымыз керек, қалған 44 пайызы коммуналдық қызмет, киім-кешек пен жол ақысына кетуі керек екен. Есептесем, тамаққа 17 968 теңге қажет. Бұған қандай азық-түлік алуға болатынын тексердім", - дейді блогер.

Оның айтуынша, Қазақстанда Тағамтану академиясының мақұлдауымен әр адамға қажетті 43 тамақ пен оның мөлшері бекітілген.

"Желіден 43 түрлі тамақты тауып алдым, онда бір адамның бір жылдық асы көрсетілген. Мысалы, біз бір жылда 84 литр сүт қолдануымыз керек екен. Оны әр айға бөлсек, 7 литр шығады. Бұл дегеніміз - күніне бір стақан сүт. Осылай, 43 түрлі тамақты әр айға мөлшерімен есептеп шықтым. Соны қарадым да, Нұр-Сұлтандағы ең арзан базар саналатын "Артемге" бардым. Сол жерде көрсетілген мөлшер бойынша тағамдар алдым. Қолымда сол 18 мың теңгеге жуық ақшам бар", - дейді Дәулет.

Ол бұл сомаға нақты қандай тағамдар алғанын айтып берді.

"Қазір күзгі маусымда жеміс-жидектер арзан болып тұр. Көптеген дәнді дақыл арзан болғанның өзінде 43 түрлі тағамның 33-іне ғана ақшам жетті. Он тауарды ала алмай қалдым. Ең күлкілісі - ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі норма бойынша жылына 500 грамм кепкен жеміс жеуім керек екен. Оны 12 айға бөлсек, айына 41-42 грамм шығады. Сол 41 граммға төрт өрік сатып ала алдым", - дейді ол.

Блогер тізімде көрсетілген 33 тағамнан кейін қалтасында 386 теңге ғана қалғанын айтады.

"Одан кейін колбаса алдым, оны бір айда 260 грамм жеуім керек екен. Оны адам бір-екі рет шай ішкенде жеп тастауы да мүмкін. Одан бөлек, кішкентай ғана екі тауық аяғын алдым. Енді мұнымен қалай бір ай өмір сүруге болады? Май, ұн және картоп дегендер жете жатар. Ақшам шайға, қарақұмыққа, түрлі ботқа алуға жетпей қалды. Ең соңында 386 теңгем қалды. Мен бұған үш рет нан ала аламын", - дейді Дәулет.

Оның сөзінше, тізімде макарон өнімдері жазылыпты - бір айға 400 грамм. Ол мұның бір пакеттегі макарон түрі екенін, одан үш рет қана тамақ істей алатынын айтады.

Дәулет Төлеутайұлының сөзінше, оның бұл эксперименттегі мақсаты - ең төменгі күнкөріс деңгейінде берілетін қаражаттың аз екенін көрсету.

"Менің бұл эксперимент арқылы дәлелдегім келгені - ең төменгі күнкөріс деңгейі адамға жетпейді. Оның бағасын көтеруіміз қажет. Қазір бәрі қымбаттап жатыр. Оның үстіне, әр аймақта баға әртүрлі. Мысалы, мен алма мен алмұртты 350-400 теңгеге алдым. Бұл экспериментті көрген бір атыраулық тұрғын ол жақта жеміс-жидек, ет қымбат екенін айтады. Демек, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ақшасы Атырауда мүлде жетпейді. Яғни, мұнда ұсынылған ақшаға әрі кетсе 10 күннің тамағын алуға болады", - деп түйіндеді блогер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 11
Астана 11
Актау 19
Актобе 18
Атырау 18
Б
Балхаш 15
Ж
Жезказган 9
К
Караганда 11
Кокшетау 15
Костанай 21
Кызылорда 10
П
Павлодар 12
Петропавловск 11
С
Семей 13
Т
Талдыкорган 13
Тараз 21
Туркестан 21
У
Уральск 8
Усть-Каменогорск 19
Ш
Шымкент 10

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro