Massaget.kz тілшісі шет елдерде балаларға 18 жасқа дейін қандай жәрдемақы мен төлемдер қарастырылғанына шолу жасады.
Massaget.kz тілшісі шет елдерде балаларға 18 жасқа дейін қандай жәрдемақы мен төлемдер қарастырылғанына шолу жасады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Польша баласы бар отбасыларға барынша қолдау көрсететін елдердің бірі. Бірақ елдегі жүйені түсіну қиын болғандықтан мемлекеттен жәрдем алуға тиіс адамдар ол жайлы білмей қалуы да мүмкін екен.
Елде баласы бар отбасыларды қолдауға арналған Rodzina 500+ бағдарламасы кең тараған. Бұл бағдарлама елде 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асып келе жатыр. Жәрдемақының көлемі - ай сайын 500 злот. Бұл шамамен 56 923 теңге. Бұл бала 18 жасқа толғанға дейін, отбасының табыс мөлшеріне қарамай берілетін көмек.
Жәрдемақыны жергілікті азаматтар да, шетелдіктер де ала алады. Яғни бұл Еуропалық Одақтың, Еуропалық экономикалық аймақтың немесе Швейцарияның азаматтары, осы елдерде тұратын поляк азаматтарына қатысты. Қалған шетелдік азаматтар, егер олар балаларымен Польша аумағында тұрса және жұмысқа орналасу құқығымен тұруға рұқсат құжаты болса, бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алады.
Көрнекі сурет: pexels.com
Польшада бұл жәрдемақыны алуға құжатты жыл сайын тапсыру керек. Ол әр жылы 1 маусымда беріле бастап, келесі жылы 31 мамырда тоқтайды. Сондықтан жәрдемақы алуға құжатты әр жыл сайын тапсырып тұру қажет болады. Ал бала жылдың ортасында өмірге келген ата-аналар кез келген айдан бастап жәрдемақы алуға құжат тапсырып, алуына болады.
Елдегі жәрдемақыны баланың 18 жасына дейін есептесек, ай сайын 56 923 теңге алса, бір жылда 683 076 теңге, ал бала 18 жасқа толғанға дейін шотында 12 295 368 теңге болады.
Германияда балаға берілетін жәрдемақы - әр отбасына берілетін ең маңызды төлемдердің бірі. Елде ол үшін Kindergeld атты бағдарлама бар. Жәрдемақының бұл түрі отбасының табыс көлеміне қарамастан беріледі. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға ай сайын 250 еуро беріледі. Бұл шамамен 123 958 теңге. Бала 18-ге толғанға дейін 26 774 928 теңге алады.
Айта кетейік, Германиядағы жәрдемақының бұл түрін 21 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар да ала алады.
Германияда жәрдемақының бұл түрін кім ала алады?
- Егер Германия азаматтығыңыз болса;
- Еуроодан немесе Норвегия, Исландия, Швейцария немесе Лихтенштейн азаматтығыңыз болса;
- Германияда кемінде алты ай жұмыс істеуге рұқсатыңыз болса;
- Алжир, Босния, Косово, Марокко, Черногория, Сербия, Тунис, Түркия азаматтығыңыз болса және Германияда ресми түрде жұмыс істесеңіз.
Ақша ата-ананың банк аккаунтына түсіп отырады. Айта кетейік, жәрдемақы әр балаға есептеледі. Ең басты талап - мемлекетке салық төлейтін азамат болу қажетсіз.
Көрнекі сурет: depositphotos.com
Италияда L'Assegno unico атты төлемді 21 жасқа дейін, күтімдегі және мүгедек балалар алады. Бұл әйел адамның жүктілігінің 7 айлығынан бастап беріледі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!