ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 апреля 2019 | 12:01

Шетелде жасырынып жүрген атышулы қазақстандықтар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өткен аптада қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік желіде таралған видеоны қызу талқылады. Бейнероликте Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінде жайбарақат жүргені түсірілген. Бұл видео журналистердің ғана емес, жұртшылықтың назарын өзіне аударды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен аптада қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік желіде таралған видеоны қызу талқылады. Бейнероликте Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінде жайбарақат жүргені түсірілген. Бұл видео журналистердің ғана емес, жұртшылықтың назарын өзіне аударды.

Tengrinews.kz тілшісі халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық шенеуніктердің тізімін жасады. 

Бергей Рысқалиев - 2006-2012 жылдары Атырау облысының әкімі болған. 2012 жылы ол өз еркімен жұмыстан кетті. Осыдан кейін оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар пара алды деген айыптар тағылды. 2013 жылы ағайынды Рысқалиевтерге халықаралық іздеу жарияланды.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Атыраудың қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырған. Ол мемлекетке 72 миллиард теңге залал келтірген. Экс-әкім соттың айыптау үкіміне қатысқан жоқ, себебі ол бірнеше жылдан бері халықаралық іздеуде жүр.

Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл видеоға байланысты мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше, Рысқалиев сияқты қылмыс жасаған бірқатар адам шетелде жасырынып жүр. Қазақстанның Прокуратура өкілдері кейбір елдермен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы құқықтық келісім болмағандықтан, оларды қайтаруға қауқарсыз екенін мәлімдеді. Олар заң бойынша құқықтық шаралар қолданатынын айтты. 

Ал Бергей Рысқалиевтің бауыры Аманжан Рысқалиев те шет мемлекетте қашып жүр. Ол 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйегіне дейін парламент мәжілісінің V шақырылымның депутаты болған. Оған алаяқтық жасады, қаражат жымқырды, қылмыстық топ құрды және оны басқарды деген айыптар тағылған. Атырау соты Аманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай бас бостандығынан айырған. Экс-депутат та 2013 жылдан бері іздеуде жүр.

Әкежан Қажыгелдин - 1994-1997 жылдары Қазақстанның премьер-министрі болған. 1998 жылы Алматы қаласының прокуратурасы оның үстінен қылмыстық іс қозғаған. 

1999 жылы Қазақстанның экс-премьер-министріне прокуратура қызметкерлері халықаралық іздеу жариялады. Экс-премьер-министрге қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, бопсалаушылықпен айналысты және аса ірі көлемде пара алды, мемлекеттің қазынасына бірнеше миллион теңге залал келтірді деген айыптар тағылды.

2001 жылы Қазақстанның Жоғарғы соты Әкежан Қажыгелдинге сырттай 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Сондай-ақ оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шықты. Ол уақытта оның АҚШ-та өмір сүріп жатқаны жайлы ақпарат тараған. 

Храпуновтар - Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған Виктор Храпунов 2007 жылы Төтенше жағдайлар министрілігін де басқарған. Сол жылдың 1 қарашасында премьер-министрдің ұсынысымен ол қызметінен босатылған. Кейін ол Швейцарияға қоныс аударған.

Виктор Храпунов пен оның зайыбы Лейла Храпуноваға 2012 жылы халықаралық іздеу жарияланған болатын.  Оған қоса олардың дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шыққан. Оларға мемлекет қаражатын жымқырды, алаяқтық жасады, пара алды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылды.

2018 жылы Алматының мамандандырылған ауданаралық соты Храпуновқа 17 жыл, ал оның зайыбына 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Ерлі-зайыпты Храпуновтар мемлекетке 250 миллион доллар сомасында шығын келтірген. Осыған қарамастан Виктор Храпуновтың Швейцарияда тұрғылықты өмір сүруге рұқсат алғаны жайлы хабарланған. 

Ерқанат Тайжанов - 2007-2008 жылдары аралығында Қазақстанның парламент мәжілісінің депутаты болған Ерқанат Тайжанов 2012-2015 жылдары "Азбука жилья" құрылыс компаниясының басшысы болған кезінде бірнеше мың салымшыдан ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол салымшылардың 40 миллиард теңгесін иемденген. Құқық қорғау органдары оған 2015 жылы халықаралық іздеу жариялаған. 2016 жылы оны Аустрияның полицейлері қолға түсірген болатын. Бірақ прокуратура өкілдері ол елмен құқықтық келісім болмағандықтан экстрадициялау мүмкін еместігін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer