ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 июля 2019 | 18:28

Шетелдік компаниямен келісімшартты үзгеніміз жоқ - "Теңізшевройл" өкілі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Теңізшевройл" компаниясының үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев 29 маусымда болған қақтығыстарға қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Теңізшевройл" компаниясының үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев 29 маусымда болған қақтығыстарға қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, маусымның 29-ы күні Теңіз кен орнында жергілікті компания мен шетелдік CCEP компаниясы жұмысшыларының арасында қақтығыс болған еді. 

Рзабек Артығалиев әлеуметтік желілерде таралып жатқан қауесеттер, нақтырақ айтқанда "шетелдік компаниялардың жұмысшылары депортацияланады", "қытайлық компаниялар" және "зауытта жұмыс тоқтап тұр" деген қауесеттердің рас-өтірігін айтты. 

"Қазіргі уақытта әлеуметтік медиада өте көп фейк жүр. Бүгінгі таңда біз CCEP компаниясымен ешқандай да келісімшартты үзбедік. Компаниямен өткен жылдан бері бұл  жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, осы қақтығысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Барлық мәселе зерттеліп жатыр. Сондықтан бұл қауесетті жоққа шығарамын. Сондай-ақ, қаншама адамды депортациялады деген сөз де жүр. Тағы сондай бір қауесеттің ішінде қытайлық компания бар дейді. Біздің Теңіз кен орнында Қытайдың компаниясы жоқ. Оның барлығы қайдан шығып жүрген ақпарат екенін білмеймін, оның барлығын өздерінің өкілеттік органдарынан сұрарсыздар. Бірақ біздің ақпаратымыз бойынша, мұндай мәліметтерді нақты рас деп айта алмаймыз", - деп түсіндірді ол.

Артығалиевтің сөзінше, кен орнынан күн сайын вахта ауысымы болып, адамдар келіп жатады және қайтып жатады. "Келешек кеңею" аясында 25 мың адам жұмыс істейді, ал негізгі өнідірісімізде 15 мың адам жұмыс істейді. Сондықтан күн сайын вахта ауысымы ауысып отырады", - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол кеніште жұмыс тоқтап тұр деген қауесетті де жоққа шығарды. Оның айтуынша, ТШО-дағы үшінші буындағы зауыт алаңында жұмыс тоқтап тұр. "Оның өзіне іске қосуға жоспарлап жұмыс істеп жатырмыз. (...) Бір зауыттың ішінде кем дегенде 15 компания жұмыс істейді. Бұл компанияда (SSEP компаниясы - авт.) негізінде 8 мыңдай адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі 600-ден аса адам шетелдік", - деді компания өкілі.

Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Бұған дейін Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері мессенджерлер арқылы таралып жатқан Теңіз вахталық ауылының аумағында притондар бар деген мәліметтерді жоққа шығарған еді.

Еске салайық, 29 маусымда Теңіз мұнай кен орнында WhatsApp-тағы сурет үшін тәртіпсіздіктер болған еді, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген болатын. Кейін құзырлы органдар 30 адамның дене жарақатын алғанын хабарлаған болатын. 

Бұдан кейін облыс бойынша комиссия құрылғаны және оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің басқаратыны анықталған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer