ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
20 мая 2020 | 15:54

Шетелге қарағанда коронавирустан өлім-жітім неге аз? Бас санитар дәрігердің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирустан қайтыс болған адам саны шетелге қарағанда неліктен аз екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирустан қайтыс болған адам саны шетелге қарағанда неліктен аз екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, оның басты себебі - Қазақстан коронавирус пандемиясына дайын болған. 

"Кей елдерде коронавирус қаңтар-ақпанда тіркелген болса, біздің елде наурыздың ортасында тіркелгенін атап өту керек. Бізде дайындалуға мүмкіндік болды. Кереуеттер, жан сақтау бөліміне кереуеттер дайындауға уақыт жеткілікті болды. Себебі коронавирус жұқтырған 65 жастан жоғары адамдардың жағдайы өршіп кетуі мүмкін екенін білдік.

Одан бөлек, медицина қызметкерлерін дайындауға мүмкіндік болды. Сондай-ақ тәуекел тобындағы адамдарды тесттен өткіздік. Ол да еш белгісіз өтетін кездерді анықтауға мүмкіндік береді. Меніңше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында адам өлімінің аз болуының себебі осы", - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова ОҚК брифингінде. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясы тіркелгелі 6969 адам COVID-19 жұқтырған. Оның 3649-ы аурудан айығып шықса, еліміз бойынша жалпы 35 адам қайтыс болған. 

"Ауызашарға барғандардан да анықталды" - бас санитар дәрігер коронавирустың әлі де қауіпті екенін ескертті

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498   525.74   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети