ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 августа 2019 | 12:26

Шетелге көшерде зейнетақы жинағын қалай ерте алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер күні бүгінге дейін талқыланып жатыр. Мұның алдында Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы жайлы айтылған болатын. Осы жолы Tengrinews.kz тілшісі осы жолдардың бірі -  шетелге, яғни Қазақстаннан тыс аумаққа тұрақты өмір сүруге көшіп кететіндердің зейнетақы жинағын қалай ерте ала алатынын анықтап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер күні бүгінге дейін талқыланып жатыр. Мұның алдында Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы жайлы айтылған болатын. Осы жолы Tengrinews.kz тілшісі осы жолдардың бірі -  шетелге, яғни Қазақстаннан тыс аумаққа тұрақты өмір сүруге көшіп кететіндердің зейнетақы жинағын қалай ерте ала алатынын анықтап білді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрақты өмір сүру үшін көшкісі келетін кез келген қазақстандық БЖЗҚ-дан тиісті төлемдерін алуға құқығы бар. Онда шетелге көшкісі келетін қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ала алатыны айтылады.

1. "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 31 және 32- баптары бойынша, міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған, ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі.

2. Заңның 33-бабы бойынша, ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және кету дерегін растайтын ҚР заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған, ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тиесілі.

Міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары деген не?

Міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары елімізде (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленген. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді екен.

Ал ерікті зейнетақы жарналары - салымшылардың өзінің бастамасы бойынша БЖЗҚ-на және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өзі үшін немесе үшінші тұлғалар салатын ақша. Олардың мөлшерлемесі, төлеу кезеңін салымшының өзі белгілейді.

Қандай құжаттар қажет?

- Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш
- Алушының банк шотының деректемелері
- Шетелдік төлқұжат (түпнұсқа);
- Сенімді өкілдің жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқа;
- БЖЗҚ-ға құжат тапсыру және өтінімге қол қою құқын беретін нотариалды куәландырылған сенімхат.

Бірақ өтініш қабылдануы үшін бірінші кезекте міндетті түрде елден шыққаны жайлы құжатты тексеру қажеттігі айтылады.

"Сіз өзге елдің азаматтығын рәсімдеп, одан соң ҚР азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін ҚР консулдығына тапсырсаңыз, "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік базасында "азаматтығы жойылды" деген белгі қойылады. Алайда БЖЗҚ бұл белгі бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыра алмайды. ҚР аумағынан тыс жерге тұрғылықты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу туралы өтінішіңіз қанағаттандырылуы үшін бірінші кезекте міндетті түрде елден шығуыңызды рәсімдеп, тек содан кейін өзге елдің азаматтығын рәсімдеу қажет", - деп ескертеді зейнетақы қорының мамандары.

Cондай-ақ, БЖЗҚ өкілдері тұрғылықты тұратын мемлекетте шетелдік төлқұжаттар мен өзге де құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландырмайтын болса, міндетті түрде растаушы құжаттар берілуі тиіс екенін ескертеді.

Қандай жағдайда шетелге көшетін адамың зейнетақысы берілмеуі мүмкін?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтеріне сүйенсек, өтініш қалдырған адам берген мәліметтер расталмайтын болса немесе жарамсыз болып танылса, мамандар оның өтінішін орындаудан бас тарта алады.

"Қазақстанның уәкілетті органы берген ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе оның басқа елде тұруға ықтиярхатының бар екені және оның жарамдылығы туралы мәліметтер расталмаған жағдайда немесе жарамсыз болып танылса, БЖЗҚ өтінішті ҚР заңнамасының тармағында белгіленген мерзімдерде оны қабылдаудан не орындаудан бас тартады", - делінген қордың ресми сайтында.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалады?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети