ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 октября 2023 | 09:03

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ауыл тұрғындары ұсынған сурет Ауыл тұрғындары ұсынған сурет

ШҚО-дағы Мариногорка орта мектебінде жылыту маусымы кезінде тұрғындарды алаңдатқан бірнеше жағдай байқалды. Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған мектеп қазандығы төтенше жағдай мамандарының ұйғарымымен апаттық жағдайда деп танылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-дағы Мариногорка орта мектебінде жылыту маусымы кезінде тұрғындарды алаңдатқан бірнеше жағдай байқалды. Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған мектеп қазандығы төтенше жағдай мамандарының ұйғарымымен апаттық жағдайда деп танылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұнымен қатар, қазандық тұрған нысанның ішінде қауіпсіздік талаптары да сақталмаған. Самар аудандық білім бөлімі өкілдері мектепті жөндеуден өткізуге құзырлы орган тарапынан ұйғарым бар деп сендірді.

"Қазан айының 15-нен бастап от жағу маусымы басталады. Оған дейін тиісті жұмыстар тәмамдалып қалар. Жылыту қазандығы 2011 жылы ағымдағы жөндеуден өтіп, бір қазандық пен бір сорғы ауыстырылды", – деді шенеуніктер.

Ауыл тұрғындары ұсынған сурет

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы да дәл осындай жұмыс атқарылған. Тұрғындар мұның алдында "жағдай реттеледі" деген уәдені талай рет естігендерін айтты. Шенеуніктер берген жауап – тиісті қаржы бөлінбеді. Лажсыздан ескі қазандықтарды қайта іске қоспақ, себебі мектепте басқа балама жылыту көзі жоқ. Қазандық тұрған нысан іргесіндегі бірнеше сыныпқа түтін кіреді екен. Мектеп басшылығы оқушыларға иіс тиіп қалмасын деп аталған сыныптарды уақытша жабуға шешім қабылдаған.

"Өзіміз байқап жүргендей, Талғат есімді азамат оттың бәрін қолмен жағады. Жұмысы өте ауыр. От жаққан кезде тұтас ауланы түтін басады. Сенесіздер ме, қазандықтың есігі де жабылмайды. Қаржы бөлініп, жөндеу жүргізілсе, оған да, мектеп ұжымына да жеңіл болар еді", – деді Серік есімді осы ауылдың тумасы.

Бұл мәселені шешуге 80,3 млн теңге мөлшерінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленгені анықталды. Аудандық білім бөліміндегілердің ақпаратынша, биыл қазандықты жөндеуге 4,2 млн теңге қаржы бөлінді.

"Қазан айының ортасына дейін жұмыс тәмамдалуы тиіс. Ол уақытқа жеткізбей қазандықтың отқа төзімді кірпіштері мен сорғыны ауыстыру, желдету жүйесін ауыстыру, сонымен бірге сыртқы сору құбырын жөндейміз. Жалпы, ағымдағы жөндеуге бөлінген сома жеткілікті", – деді әкімдіктегілер.

Қазір мұнда 100-ден астам оқушы білім алуда. Мектептің көмір сақтайтын қоймасы жоқ. Ішінен бөлек, білім ошағының сырты да тозып тұр. Өткен жылы бірінші қабатының терезелері ауыстырылған екен, мердігер бірнеше терезенің жақтауларын дұрыс жаппаған.

Ата-аналар тарапы былтыр ғана қайта құрылған Самар ауданында оң өзгерістер байқалмай тұрғанын жасырмады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer