ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 июня 2019 | 19:56

Шөкеев арыстықтарға берілетін ақша мен кредиттеріне көмек көрсету жайлы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесу барысында бүкіл қазақстандықтар болып жинаған қордағы қаражаттың қалай төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесу барысында бүкіл қазақстандықтар болып жинаған қордағы қаражаттың қалай төленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шөкеев жиналған қаражаттың бір тиынына да тиіскізбей сақтауға уәде берді.

"Менің есебім бойынша, қазір сол ақшаны әр отбасыға теңдей бөліп береміз деп ойлап отырмыз. Енді кредит мәселесіне келсек, біз банктермен сөйлесеміз, үкіметте осы мәселені талқылаймыз. Менің өз пікірім, процентін бір-екі айға шегеру керек. Мен сондай позиция ұстанамын және сол үшін күресемін. Айналайын халқым, талаптың өз қисыны бары бар, жоғы бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Маған бәрін жасап бер деген болмайды ғой. Ал кәсіпкерлерге келсек, олардың бұзылған ғимараттарының бәрін жөндеп береміз, салықты төлейміз", - деді ол.

Сондай-ақ, Шөкеев Арыста өлген малдың өтемақысы қандай болатынын айтты.

"Біздің қызметтер жұмыс істеп жатыр. Егер мал тіркелген болса, яғни белгісі бар болса, бәрін біз қайтарып береміз. Ал егер белгісі болмаса әркім де малым бар еді дей береді", - деп түсіндірді Өмірзақ Шөкеев.


Видео: Яков Фёдоров, facebook.com/theyakov

Бұған дейінгі кездесуінде Өмірзақ Шөкеев жиналғандармен "Акмешіт" мешітінде кездескен еді. Ол кезде Арыс тұрғындары радиация жайлы қауесеттің тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұраған. "Арандатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар. Бізге бірге болуымыз қажет. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па - өздеріңіз шешесіздер", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның алдында бүгін арыстықтармен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кездесіп, талаптарына жауап берген еді. 

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer