ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 мая 2020 | 17:29

"Шығарып салуға тыйым салынады". Пойызбен қатынаудың тәртібі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Темір жол рейстері кезінде жолаушыларға пойызға отыру бойынша талаптар қойылмайды. Жолаушылар билеттегі орны бойынша отыра береді. Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Темір жол рейстері кезінде жолаушыларға пойызға отыру бойынша талаптар қойылмайды. Жолаушылар билеттегі орны бойынша отыра береді. Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолаушылар пойызына билет мен сонда көрсетілген орын байланысты отырғызылады. Шектеулер қою секілді қосымша талаптар болмайды. Плацкартта да, купеде де солай болады. Темір жол рейстері кезінде бәрін жолсерік бақылап отыруы керек", - деді Байғабылов брифингте.

Оның айтуынша, жолаушыларға әдеттегідей пойызға тамақ алып баруға тыйым салынбайды.

"Бұған дейін әуе қатынастарында бортта тамақтануға рұқсат берілген болатын. Сол секілді пойызда да тұрғындар өзімен бірге тамақ алып келуіне болады. Тамаққа қатысты қосымша талаптар болмайды", - деді ол.

Байғабыловтың сөзінше, пойызбен қатынау кезінде жолаушыларды вокзалда шығарып салуға тыйым салынады.

Еске салайық, 13 мамырда ведомствоаралық комиссия отырысында елдің ішкі бағыттарында жүретін жолаушылар пойызының жұмысын бастау туралы шешім қабылданған.

Темір жол қозғалысын екі кезеңмен қайта бастау жоспарланып отыр: 1 және 10 маусымда. Алғашқы кезеңде 54 пойыз жолға шығады. Ал 15 мамырда пойыз билеттері сатыла бастайды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети