Шымкент әкімдігі Қытай туы ілінді деген видеоға жауап берді

13 Қыркүйек, 12:58
7
Шымкент әкімдігі Қытай туы ілінді деген видеоға жауап берді - Видео кадрлары
Видео кадрлары

Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған. Қала әкімдігінің өкілдері даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, бұл видеода ілініп тұрған Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл мата.

"Желіде жүрген видео, бұл жерде ешқандай Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл түсті мата болатын. Кеше алынып тасталды", - деп пікір білдірді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мұның алдында Facebook желісінде Шымкентте Қытай туы ілінді деген атаумен видеоролик жарияланғаны хабарланған. Кадр сыртындағы дауыс салынып жатқан үйдің төбесінде Қытай туы ілінді дейді. "Тойхана "Екі жұлдыз", "Ұлытау", қарсы жақта "Шымкент Sity" құрылысы жүріп жатыр. Қазақ жерінде Қытай туы желбіреп тұр. Сіздер қазақ туын Қытайға барып іліп көріңіздер", - дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Оқырмандардың кейбірі оған қатысты "Қандай мақсатпен қойды екен жалауын", "Алып тастау керек" деп пікір қалдырған.

Артынша сол құрылысты салып жатқандар бұл видеоға жауап ретінде ролик түсіріп, жариялаған. Құрылыспен айналысқандардың бірі өзін Өмірзақ Кереңқұлов деп таныстырып, даулы видеода Қытай туы емес, қарапайым қызыл мата ілінгенін айтады. 

"Мен, Өмірзақ Кереңқұлов, Қазақстан Республикасының азаматымын. Біз бір топ жұмысшылар осында жұмыс істейміз. Біз бұл қызыл матаны көз тимеуі үшін ырымға ілдік. Себебі жұмыс жақсы жүріп бара жатыр. Біреулер түсіріп, халық арасына іріткі салу үшін бе, білмеймін, таратып жіберіпті. Бұл қарапайым қызыл мата. Міне, көріңіздер. Қытайдың ешқандай жалауы жоқ", - деген ер адам матаның арғы бетін де камераға көрсетеді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц