ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 мая 2018 | 13:37

Синоптик Қазақстандағы тұрақсыз ауа райының себебін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Интернеттегі ашық дереккөздерден алынған иллюстрация Интернеттегі ашық дереккөздерден алынған иллюстрация

Соңғы уақытта еліміздегі ауа райының құбылысы біраз жұртты әбігерге салғаны анық. "Жаз қашан шығасың", Күн қайдасың" деген жазбалар әлеуметтік желіде көп жазылып жүр. Еліміздің әр облысында ауа райы әр түрлі болып құбылуда, мысалы солтүстік өңірлерде қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен болып жүр. Астанадағы қатты соққан жел, Алматының таулы аймағына қар түсуі, күннің ысуынан ОҚО-дағы Мақтаарал ауданында піскен қарбыздарды жүк көлігіне тиеп жатқаны туралы видеосы пайда болған еді. Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі Мөлдір Есқалиевадан ауа райының осыншалықты құбылуына не себеп екенін сұрап білді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта еліміздегі ауа райының құбылысы біраз жұртты әбігерге салғаны анық. "Жаз қашан шығасың", Күн қайдасың" деген жазбалар әлеуметтік желіде көп жазылып жүр. Еліміздің әр облысында ауа райы әр түрлі болып құбылуда, мысалы солтүстік өңірлерде қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен болып жүр. Астанадағы қатты соққан жел, Алматының таулы аймағына қар түсуі, күннің ысуынан ОҚО-дағы Мақтаарал ауданында піскен қарбыздарды жүк көлігіне тиеп жатқаны туралы видеосы пайда болған еді. Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі Мөлдір Есқалиевадан ауа райының осыншалықты құбылуына не себеп екенін сұрап білді. 

Есқалиеваның айтуынша, елімізде ауа райының құбылмалы болуына үш аймақтан келетін ауа массасы себеп.

"Қазақстан климаты шұғыл континенталды. Еліміздегі ауа райын үш негізгі ауа массасы қалыптастырады. Солтүстік Мұзды мұхитынан бағыт алған арктикалық ауа массалары ауа температурасының күрт төмендеуін және жауын-шашынның жаууын, Атлант мұхитынан бағыт алған қоңыржай ауа массалары қарқынды жауын-шашынның түсуін және Жерорта теңізі мен Иран аймағынан бағыт алған тропикалық ауа массалары жауын-шашынсыз, ыстық ауа райын туғызады. Демек, мамыр айындағы байқалған тұрақсыз ауа райы ауа массаларының жиі алмасуының нәтижесі", - дейді Мөлдір Есқалиева.

"Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі мамыр айының статистикасына тоқталды. 

"Қазақстанның территориясын солтүстік және оңтүстік жартыға бөле отырып, 2018 жылғы 1-30 мамыр аралығындағы статистикаға қарасақ, солтүстікте 21 күн қоңыржай ауа массалары, 4 күн арктикалық ауа массалары, 5 күн тропикалық ауа массалары қайталанған, ал оңтүстікте 16 күн қоңыржай ауа массалары, 14 күн тропикалық ауа массалары қайталанған", - дейді ол. 

"Ауа райының құбылуы қанша уақытқа созылады?" деген сұраққа маман былай деп жауап берді: "Аномальды ауа райы дегеніміз көпжылдық орташадан ауытқу. Қысқа мерзімді болжау бойынша алдағы күндері (31 мамыр -5 маусым) тұрақсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жаңбыр жаууы, желдің күшеюі күтіледі, кей жерлерде бұршақтың жаууы ықтимал. Ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде көпжылдық орташадан 1-3 °С төмен, солүстікте 3-6 градус төмен, ал оңтүстікте көпжылдық орташа шамасында болады деп жоспарланған". 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer