ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 января 2020 | 09:59

Соңғы 10 жылда мұғалімнің жалақысы қалай өсті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Биылғы қаңтардан бастап елімізде мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Tengrinews.kz тілшісі соңғы 10 жылда мұғалімдердің жалақысы қалай өзгергенін білді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биылғы қаңтардан бастап елімізде мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Tengrinews.kz тілшісі соңғы 10 жылда мұғалімдердің жалақысы қалай өзгергенін білді. 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, мұғалімдердің жалақысы 10 жыл бұрын 49 216 мың теңге болған. Былтыр бұл көрсеткіш 122 111 мың теңгеге тең болған. Алайда бұл сомадан зейнетақыға 10 пайыз және жыл сайын өзгеріп отырған табыс салығын алып тастау керек.   

Сондай-ақ, елімізде 2000-2001 жылдары 8353 мектеп болған, ал 2018-2019 жылдарда осы көрсеткіш 7 393-ке жеткен. Бүгінде қалалық жерде 2055 мектеп бар, ал ауылдық жерлерде 5338.

Сондай-ақ, күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны 7319, ал кешкі жалпы білім беретін мектептер саны - 74. Оқушылар саны 2000-2001 жылдары елімізде - 3 272 болған, бүгінде - 3 186 234 оқушы, оның 1573077-і қыз балалар. 2000-2001 жылдары Республикада жалпы білім беретін мектептердегі оқытушылар саны 276 343 адам болған. 2018-2019 жылдары есептелген статистика бойынша елімізде 338 755 мұғалім бар, оның ішінде 274 346-ы әйел.

Биыл заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады. 

Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі. 

Заң аясында қосымша ақы төленеді:

1. Тәлімгерлік үшін - 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 мың теңге төленеді.

2. Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.

3. Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді. 

4. Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек. 

5. Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады. 

6. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттырылады.

7. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. 

Білім және ғылым министрінің сөзінше, 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллиард теңге осы нормаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінеді. 

Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбастылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған. 

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қалай өсті?

Еске салайық, 2019 жылы 31 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты.

Педагог мәртебесін көтеру туралы заң. Енді мұғалімдерге қандай жағдай жасалады?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer