ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 февраля 2020 | 15:39

"Сұрапыл соғыстың зардабы тимеген отбасы жоқ". Депутат маңызды мәселені көтерді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы сапалы материалдар аз екенін айтып, үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы сапалы материалдар аз екенін айтып, үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол биыл Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысының 75 жылдығын атап өтетінін еске салды.

"Алайда отандық бұқаралық ақпарат құралдарында 4 жылға созылған ұлы қырғынның гуманитарлық апаттары миллиондаған азаматтың жанқиярлық патриоттық ерліктері мен еңбектері туралы салиқалы сараптамалар, естеліктер жоқтың қасы. Соғысқа 1 миллион 280 мыңнам астам тепсе темір үзетін азаматтарымыз аттанды. Оның 700 мыңы майдан даласында құрбан болғаны белгілі. Сұрапыл соғыстың зардабы тимеген отбасы жоқ, - деді депутат.

Осы орайда Қуаныш Сұлтанов премьер-министр Асқар Маминге қандай мәселелерге назар аудару қажетін айтты.

"Ұлы отан соғысы тыл ардагерлерінің көңіл-күйін анықтап, зейнетақылары, тұрғын үйлерінің жағдайлары, дәрі-дәрмек, медициналық көмек және тағы басқа тұрмыстық мәселелеріне назар аудару қажет. Бірде-бір ардагердің министрліктер мен әкімшіліктердің назарынан тыс қалмауы үшін БАҚ-та жүйелі түрде ақпараттар мен мәліметтерді үзбей, тіпті күн сайын жариялауды жолға қою қоғам үшін маңызды", - дейді ол.

Сонымен қатар, депутат мектептерде, жоғары оқу орындарындағы жастармен тәрибие жұмыстарын жүргізу өзекті екенін жеткізді.

"Жастардың тарихи жадын, дүниетанымын қалыптастыру мақсатында Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларын, есімдері әйгілі және әйгілі емес көптеген жауынгер туралы деректі хабарлар, видеофильмдер, тақырыптық әңгіме, мақалаларды кең таратып, әлеуметтік желілерде және БАҚ-тың барлық түрі арқылы насихаттауды жүзеге асыруға үкімет пәрмен бергені жөн", - деді Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол ардагерлерге кеңінен қолдау көрсету қажетін атап өтті.

"Ардагерлерге аулаларының қарын тазалау, көктемде су тасқынынан сақтандыру, қорғау, көшелерді тазалауға, осы іске коммуналдық мекемелермен қатар волонтерлерді және басқа да мемлекеттік күш мүмкіндіктерін жұмылдыру қажет. Сондай-ақ соғыс, тыл ардагерлерін құрметтеп, олардың ерлігін, еңбегін бүгінгі ұрпаққа жариялап, тағы басқа қамқорлық шараларын жүзеге асыру қажет", - дейді депутат.

Оның пікірінше, ардагерлер тұрған үйлердің мемориалдық тақталары, ескерткіштері, музейлер, көшелер, бульварлар, парктер түгел қоқыстан тазартылуы қажет.

"Мысалы, Бауыржан Момышұлының ескерткіш тақтасы мүлдем көмескіленіп кеткен. Зираттардың күтілуі бүгінгі ұрпаққа парыз. Осы жұмыстарға барлық министрлік, әкімдік, азаматтық қоғам жұмылдырылуы тиіс. Депутаттық сауалға Қазақстан заңнамасымен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді өтінімез", - деп түйіндеді сөзін Қуаныш Сұлтанов.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайтында "Жеңімпаздар" жобасы бар. Бұл жобада ұрпақтары Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер атасының өмір тарихын, ерлігін, жүріп өткен жолын баяндайды. Қазіргі уақытта сайтта 2095 ардагердің өмір жолы туралы мәлімет жиналған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer