ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 марта 2020 | 14:22

Сыбайлас жемқорлық қылмысы: басшы қандай жағдайда отставкаға кетпейді?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысы кезінде қоластындағы қызметкердің әрекеті үшін жоғары лауазымды басшы қандай жағдайда отставкаға кететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысы кезінде қоластындағы қызметкердің әрекеті үшін жоғары лауазымды басшы қандай жағдайда отставкаға кететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров сыбайлас жемқорлық қылмысы кезінде саяси қызметкерді отставкаға кетуге міндеттейтін нақты иерархия көзделгенін жеткізді.

Орталық мемлекеттік органның басшысы (министрлер, агенттіктердің төрағалары, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметкер, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға кетеу туралы өтініш жазуы тиіс.

- Орталық мемлекеттік орган басшыларының орынбасарлары - өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде;

- Облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдері өзінің орынбасары өзіне тікелей баынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде;

- Облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің орынбасары – өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға береді;

- Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімдері өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы отставкаға беруге негіз болып саналады.

Сонымен қатар, Ерлан Сапаров "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

"Осылайша, отставкаға кету туралы міндет өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады. Ал мемлекеттік саяси қызметкерлер тағайындалған күннен бастап, үш ай өткеннен кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда отставкаға кетеді", - деді директор мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге өтініш береді.

"Өтінішті қабылдау немесе қабылдамау тек тиісті өкілетті лауазым иесі шешетін мәселе болып саналады. Отставка туралы өтініш 1 ай мерзім ішінде қаралады. Өтініш қабылданбаған жағдайда саяси қызметкер лауазымдық қызметтерін әрі қарай атқара беруге тиіс. Ал өтініш қабылданса, лауазымды тұлғаның шешімімен қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді ол.

Сонымен қатар Ерлан Сапаров сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген күннің өзінде мемлекеттік қызметкерлер қандай жағдайда отставкаға кетпейтінін түсіндірді.

"Біріншіден, лауазымға тағайындалған кезден 3 айдан кем мерзім өтсе, екіншіден қылмыстық әрекет 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін болса, үшіншіден, қылмысты жасаған тұлға отставкаға беру заңның тура нормасында қаралмаса. Мысалы, ведомство төрағасының сыбайлас жемқорлық жасаған үшін министр емес, министрдің орынбасары отставкаға кетеді. Төртіншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы соттың немесе қылмыстық қудалау органдарының актісі болмаса", - деді басшы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети