ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 января 2019 | 13:48

Сырттай білім алудың жаңа үлгісі - Part time жүйесімен оқу несімен ұтымды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Елімізде 2019 жылдан бастап сырттай білім алу формасының өзгеретіні хабарланған. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл норманың жастардың жоғары білім алуына деген мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын айтқан еді. Кейінірек министрліктегілер алдағы уақытта part-time атты қашықтықтан білім беру формасының жүргізілетінін хабарлаған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 2019 жылдан бастап сырттай білім алу формасының өзгеретіні хабарланған. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл норманың жастардың жоғары білім алуына деген мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын айтқан еді. Кейінірек министрліктегілер алдағы уақытта part-time атты қашықтықтан білім беру формасының жүргізілетінін хабарлаған болатын. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сырттай білім алған студенттер оқу бағдарламасының 65 пайызын ғана меңгереді. Алайда университетті тәмамдаған соң олар күндізгі оқу бөлімінде оқығандармен бірдей шарттар бойынша жұмысқа орналасады. Ал бұл жұмыс сапасына қаншалықты әсер етеді?

Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші маманы Айман Жүсіповадан part-time жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, оның артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы және ол бакалаврдан қымбат бола ма, жоқ па - осы жайлы сұрап білді.

Айман Жүсіпова part-time жүйесінің өте ыңғайлы және икемді екенін айтады. "Әлемде қашықтықтан білім беру жүйесі алғаш рет 1969 жылы Ұлыбританияда OpenUniversity-де жүргізілген. Оның артықшылығы неде? Біріншіден, ол студенттерге өте ыңғайлы. Бекітілген сабақ кестесі бойынша сабаққа барудың қажеті болмайды. Мұнда студенттер кестені өздері құрып, сол сабақ кестесі бойынша пәндердің уақытын белгілей алады. Осылайша, олар оқу процесін өздері-ақ басқара алады", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, ол part-time жүйесінің тағы бір тиімділігі ретінде оқу бағдарламасында жаңартылған материалдардың ғана қолданылатынын айтады.

"Тағы бір артықшылығы, білім берудің жаңа жүйесінде студенттердің біліміне объектив баға беріледі. Онда жеке фактор әсер етпейді. Яғни, ол оқытушымен таныспайды, сондай-ақ, оқытушының студентке деген жеке немесе жағымсыз қарым-қатынасы сияқты факторлар ескерілмейді", - дейді Жүсіпова.

Дегенмен, маманның айтуынша, мұнда әдеттегі білім беру бағдарламаларына қарағанда ең бастысы - өзіндік тәртіп пен өз-өзіне мотивация жасау. Жүсіпова part-time жүйесі бойынша мотивациясы және жауапкершілігі бар студенттердің оқи алатынын айтады.

"Қазақстан жайлы айтатын болсақ, бұл бастама білім беру сапасын жақсартады деген жоспар бар. Яғни студенттер енді оқу бағдарламасының 65 пайызын ғана емес, 100 пайызын меңгере алады. Осы ретте прокторинг жүйесінің көмегімен білім беру сапасы жақсартылып, студенттердің оқу процесіне қатысу белсенділігін бақылау мүмкін болады", - дейді ӘЭСИ маманы.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Сондай-ақ, маман бұл оқу түрінің құны жайлы сұраққа жауап берді.

"Part-time күндізгі оқу бағасынан (бакалавр) арзанырақ болады. Дегенмен part-time жүйесін тиімдірек деп айтуға болады. Дегенмен қашықтықтан білім беру жүйесінің осыған дейін болған сырттай білім алу бағасынан қымбат болмайды деп ойлаймын. Әрине, барлығы ЖОО-ның білім беру сапасына байланысты болады", - деп жауап берді Жүсіпова.

Айтуынша, қалай болған жағдайда part-time сырттай білім алудың жаңа үлгісі болмақ.

Оқи отырыңыз:

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Қазақстандық студенттер шетелде оқуға неге құмар

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer