ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 мая 2021 | 11:07

Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді - Цой

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бір күнде вакцина салдырғандар қатары 117 мыңнан асқан.

"Қазіргі таңда шамамен 1,4 миллион қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бірінші компонентті салдырғаннан кейін 15-інші күні ағзада антиденелер пайда бола бастайды. Вакцина барлық өңірде бар, жеткілікті. Мысалы, кеше бір күнде 117 мың адамға вакцина салынды. Вакциналау біртендеп қарқын алып келеді. Ең бастысы, біздің азаматтар қазір таныстарына қарап, олардың вакцина салдырып, ешқандай асқыну болмағанын байқап, белсенділік танытып жатыр. Бастапқыда азаматтарымыз аздап сенімсіздік танытқан болатын, оны бәріміз білеміз", - деді Цой.

Сонымен қатар, министр вакцинаның екі компонентін де алғандар ғана толық вакциналанған азамат болып есептелетінін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда қазір коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина бар. Олар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы. 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина салынатын болды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети