ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 июля 2021 | 14:04

Таразда 130 жылдық тарихы бар саябақ жабайы орманға айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Таразда 130 жылдық тарихы бар "Мамыр" саябағы жабайы орманға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таразда 130 жылдық тарихы бар "Мамыр" саябағы жабайы орманға айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері жасыл желек суарылмай келеді. Бүгінде халық тынығатын жерді арамшөп басып, қоқысқа толған. Әуежайдан қалаға әкелетін жол жиегіндегі ағаштар да қурап жатыр. Ал әкімдік өкілдері олар саябақты баптап отырғанын айтады. 

"Мұнда есірткі пайдаланатын жастар жиі жүреді. Үйсіздер де қонуға келеді. Шөптері күйіп кеткен. Мүлде суарылмайды. Әкімдік бізге саябақты қарап отырғанын айтады", - дейді жергілікті тұрғын Кирилл Бердецкий. 

Ақпарат қызметінің мәліметінше, қала қақпасы мен әуежай жолындағы ағаштар қурап қалған. Жергілікті тұрғын Қасым Сейдуалиевтің сөзінше, бұл жер 5 жылдан бері суарылмай, қурап кеткен.  

"Су бермеген. Суарылу керек міне арықтары жатыр. Әуежай міне түбімізде, қалаға шетелден қонақтер келеді, көрінісі мынау көріп тұрсыңдар ғой", - дейді ол. 

Ал қала әкімдігі ағаштар қартайғаннан қурағанын айтады. Олардың сөзінше, әкімдік саябақты күтіп-баптап жүр.

"Жұмыстар жүріп жатыр. Өткенде каналдарын жөндеген, шлюздарын, сол кезде кішкене су болмай қалды.Қурап, зиянкестердің кесірінен ағаштар ішінде ұлпасы бар солар зақымданып жатыр", - дейді Тараз қаласы әкімдігі "Жасыл ел - Тараз" ЖШС директорының орынбасары Айдын Кемелбеков. 

Бүгінде жол жиегіндегі ағаштардың 70 пайызы шабылған. Шенеуніктердің сөзінше, күзге қарай жас талдар егіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat_news

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer