ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 июня 2020 | 12:11

"Телефон, шпаргалка, өзгенің төлқұжатымен кірген". Қазақстанда мұғалімдер біліктілік тестін тапсырып жатыр

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: ves-novgorod.ru Көрнекі сурет: ves-novgorod.ru

Қазір елімізде мектеп мұғалімдері біліктілік тестін тапсырып жатыр. Алайда арасында тестілеуге ұялы телефон мен шпаргалка алып кірген педагогтер анықталған. Бұл туралы БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Меделбекова ведомствоның аппараттық жиынында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір елімізде мектеп мұғалімдері біліктілік тестін тапсырып жатыр. Алайда арасында тестілеуге ұялы телефон мен шпаргалка алып кірген педагогтер анықталған. Бұл туралы БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Меделбекова ведомствоның аппараттық жиынында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет төрайымының айтуынша, педагогтердің Ұлттық біліктілік тесті 2 маусымнан басталып, оған мұғалімдерден 94 мыңнан астам ұсыныс түскен. 25 мыңнан астамы - орта білім беру ұйымының педагогтері. Олардың 49 пайызы тестен өтті.

"Пайыздық қарым-қатынасқа келсек, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педегог-зерттеушілер 30 пайыздан келеді.  Кеше 15 маусымда ШҚО бірінші күні тапсырды. Ал Алматы облысында аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты тест әлі басталған жоқ", - деді Меделбекова. 

Оның айтуынша, мұғалімдер тестілеуге түрлі айла қолданып жатыр. Оның ішінде телефон мен шпаргалка пайдалану бар. Тіпті өзгенің төлқұжатымен кірген ұстаздар да кездесіпті. Мұндай 18 жағдай тіркелген. Фактілер құқыққорғау органдарына тергеу үшін жіберілген.

"Қазір туындап тұрған мәселе - әлеуметтік желілерде шығып жатқан мұғалімдердің қолданып жатқан шпаргалкалары, сонымен қатар телефондарын әлде де алып кіріп жатыр. Қазір 296 педагог орындарынын шығарылып, жауаптары жойылды. Кешегі күні Шымкент қаласында мұғалімнің төлқұжаты жасанды екені анықталды. Барлығы құқыққорғау органдарына тапсырылды. Егер аймақтарға бөліп қарасақ, қазір Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары осы педагогтерге қатысты шараларды қолданып жатыр. Қазір облыстық білім басқармаларына айтатынымыз барлық әлеуметтік желідегі мәліметтерді сараптап, екінші этапқа өздері нақты күш салуы керек.

Соның барлығы осы жалған құжатпен өтпеуге байланысты жұмыс жасау керек. Әрбір портфолионы жеке-жеке қарап, аттестаттауға комиссияның әрбір мүшесі, соның басшысы жауап береді. Жалған құжаттар немесе диплом, сертификаттар жалған болған жағдайда құқыққорғау органдарына дер кезінде мәлімет жасап отыру керек", - деді ол.

Комитет төрайымы қазір аймақтың білім беру ұйымдарына тиісті тапсырма берілгенін атап өтті.

"Бұл бойынша екі жиналыс өткіздік. Білім бөлімінің басшыларымен де өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргіздік. Әрі қарай да жергілікті білім беру органдары қатаң бақылауға алу керек", - деді Майра Меделбекова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer