ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 мая 2024 | 09:09

"Теңгенің нығайғаны жақсы емес". Экономистер қызық үрдіс туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда су тасқыны басталғалы доллар бағасы түседі бастады. Қазіргі таңда теңгенің курсы 1 долларға шаққанда 442 теңге. Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда су тасқыны басталғалы доллар бағасы түседі бастады. Қазіргі таңда теңгенің курсы 1 долларға шаққанда 442 теңге. Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Ұлттық банк теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру мәселесін алға қойған. Бұл біздің инвестициялық және экономикалық бағытта тұрақты дамуыңызға әсер етеді. Ел экономикасы тұрақты болған кезде ғана инвестиция көзі көптеп келеді. Соңғы кезде қызық үрдіс болып жатыр. Елімізде 1 доллар 455-465 теңге болу керек деген болжам шыққан еді, алайда бір доллардың бағасы 442 теңгеге дейін түсіп кетті. Мұның себебі - су тасқыны мен елдегі апаттарға байланысты. Бүгінгі таңда апатты жағдайда экономикаға көбірек инвестиция салу үшін Ұлттық қордан көп валютаны алып, биржаға тастап жатырмыз", - деді Жобаев.

Сарапшының сөзінше, бұл үрдіс экономикаға ауқымды экспорт жасаған сияқты әсер беруде, алайда қаржы көзінің көбі ұлттық қордан алынып жатыр.

"Әр айда Ұлттық қордан 1-1,5 миллиард ақша аударылады. Яғни бұл қаражат елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түзеуге және су тасқынының салдарын жоюға кетіп жатыр . Екіншіден, ауқымды экспорт жасайтын компанияларға (еск- мұнай, металл, мыс өндіретін компаниялар) шетелдегі валютаны мемлекетің биржасына сатуға міндетті. Еліміздегі биржада долларға ұсыныс көп. Қазір салым түсіп жатыр, сол себепті доллар 443 теңгеге дейін түсіп кетті. Теңгенің қуаттанғаны жақсы емес, себебі мұның салдарынан бюджетке түсетін ақша азаяды. Меніңше, күзге қарай бір доллар 455-465 теңге болса, бұл экономикамызды тұрақты жағдайға алып келеді", - дейді сарапшы.

Жобаев Ұлттық қорға тиіспеуіміз керегін айтады. Оның орнына елдің экспортын арттырып, көлемін кеңейтуіміз қажет.

"Толассыз келіп жатқан керексіз импорттарды азайтуға тиіспіз. Әлемдік үрдіспен жүрсек, Қазақстанның теңгесі әр жылда 5-10 пайызға төмендеп тұрған. Яғни биыл доллар 465 теңге болса, келесі жылы 470 теңге дегендей. Өз кезегінде бұл ірі экспорттаушыларды қызықтырады. Олар көбірек табыс түсіреді және бюджетімізді де толықтырады", - деді ол.

Ұлттық теңге бағамына болжам жасамайды

Банк баспасөз қызметінің сөзінше, баға нарықта қалыптасады.

"Ұлттық банк валюта саясатындағы ұстанымы еркін бағам құру қағидаты болып қала береді. Теңге бағамы негізгі факторлардың әсерінен қалыптасады, ал оның ауытқу амплитудасы нарыққа қатысушылардың күтуі мен әлемдік нарықтардағы динамикаға байланысты болады. Биржадағы көлемді көптеген қатысушы, соның ішінде екінші деңгейлі банктер сатып алады және сатады", - деп жауап берді Ұлттық банк Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Экономист Расул Рысманбетов су тасқынынан келген шығын Ұлттық қорға салмақ түсірмейтінін айтады.

"Жалпы, еліміздің Ұлттық қорында ондаған миллиард долларлар бар. Қазіргі таңда су тасқынынан келген шығын көлемі 600-700 миллиард теңгеге шамасында деп бағаланып отыр. Қарап отырсақ, бұл 2 миллиард доллардан әлдеқайда төмен сомма. Қордағы қаржы бәріне жетеді. Шығынның бір бөлігі бюджеттен, тағы бір бөлігі үкімет резервінен өтеледі деп ойлаймын. Сондықтан бұл жерде айтарлықтай сұрақ жоқ", - деді Рысманбетов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети