Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шамамен 148 жұмысшы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус өте тез тарайтын инфекция болып саналады. Жұмыс берушілер өте сақ болуы керек. Олар инфекцияның таралмауы үшін барлық жағдайды жасауы шарт. Теңіз кен орнында шамамен 148 адам коронавирус жұқтырған. Басым бөлігінде аурудың белгілері жоқ. Індет жұқтырған жұмысшылар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - деді Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда кен орнындағы жұмысшыларды коронавирусқа тексеру жүргізіліп жатыр. "Теңізшевройл" компаниясы мен Атырау облысы әкімдігі індеттің одан әрі таралмауы үшін тиісті іс-шаралар жоспарын дайынған. Олар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр екен.
Осыған дейін Теңіз кен орнында ерекше режим енгізілгенін, 71 адам індет жұқтырғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ, кен орнындағы жұмысшылар карантин шараларын жеңілдетуді сұраған.
Айта кетейік, елімізде 4298 адам коронавирус жұқтырған. 1299 науқас жазылған, 30 адам көз жұмды.