ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 марта 2018 | 17:09

"Терезеден шығып үлгердік". Су тасқынынан зардап шеккен аягөздіктер апат жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының орталығында болған су апатынан ондаған үй опырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының орталығында болған су апатынан ондаған үй опырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Су тасқынынан үйі опырылған тұрғындардың бірі Әйгерім Жарылқапбергенова үйінің 10 минут ішінде қирап қалғанын айтады. 

"Сағат бірдің шамасында судың ағысы күшейіп келе жатыр деді. Құжаттарды жинап, балаларымды алып шыққаным сол еді, лап берген судан есіктер ашылып кетті. Тауға шығып кеттік. Айналасы 10 минутта үй опырылып қалды. Біздің маңайымызда тағы 3 үй құлады, ал осы Жұмағазы Тоқсанғазин атындағы көшеде он шақты үй опырылып қалған. Қазір көршілеріміздің үйін паналап жүрміз", - дейді жергілікті тұрғын Әйгерім Жарылқапбергенова. 


Жергілікті тұрғын Алмагүл Дүйсенова

"Үйде болғанбыз құжаттарымды жинап, енді шығайық дегенде мұз ағып кеп есікті бөгеп тастады. Терезеден шығып үлгердік. Осы Шәкенов көшесінде тағы бірнеше үй суда қалды. Комиссия келіп, акт толтырып кетті. Алтыншы мектепте орналастырып жатыр деп естідім, бірақ, көршілеріміздікінде жүрміз әзірге. Комиссия осында келіп құжат өткізіңдер деді. Енді қашан көмек болатынын күтіп жүрміз", - дейді Алмагүл Дүйсенова атты жергілікті тұрғын. 

Апат салдарынан зардап шеккендер үшін Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-интернатында көмек орталығы құрылды. Бізбен байланысқа шығып, материал жинауға көмектескен Манар Жұмағазыұлы атты жергілікті тұрғын осы сәтте адамдарға гуманитарлық көмектің таратылып жатқанын хабарлады. Алайда мектеп ішін суретке түсіруге және зардап шеккендермен тілдесуге мектеп басшылығы рұқсат бермеген. 


Шоқан Уәлиханов атындағы №6 мектеп-интернат 

Кеше, 11 наурызда Аягөз қаласында су тасқыны болды. Тәулік ішінде құтқару қызметіне 1000 аса қоңырау шалынған. Су апаты салдарынан 11 наурызда Аягөз ауданы әкімінің жарлығымен жергілікті деңгейдегі Төтенше жағдай жарияланды. Ресми дерек бойынша, кеше 20 үйдің су астында қалғаны және 300 адамның қауіпсіз жерге көшірілгені хабарланды. 

"Әріптестеріне көмек ретінде Өскеменнен 20 адамнан құрылған отряд, 5 техника және 3 жүзу құралы көмекке жөнелтілді", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer