Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Меруерт Қазбекова Үкіметтің коронавирус пандемиясымен күресудегі шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Меруерт Қазбекова Үкіметтің коронавирус пандемиясымен күресудегі шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Меруерт Қазбекова халық тарапынан келетін шағымдарға тоқталып, премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
"Ақжол" фракциясы Үкіметтің коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларын жоғары бағалайды. Басқа елдермен салыстырғанда пандемияның таралуын бәсеңдете алды. Сонымен бірге, бірнеше облыста шектеулерді алып тастағаннан кейін жұқтыру мен коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт көбейді. Ауруханаға жатқызбау, провизорлық орталықтарда адамдардың көптігінен процедуралардың орындалмауы, медициналық қызметкерлерге қорғану құралдарының жетпеуі туралы шағым түсіп жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ депутат коронавирусты анықтауға тест тапсыру үшін екі күн кезекке тұру керегін атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігінің елдегі клиникаларда орын жетеді және қорғану құралдары жетеді деп сендіргені тек сын туғызады. Себебі шенеуніктер статистикаға жүгінеді, ал адамдар нақты жағдайларға тап болады. Бірақ олар - біздің азаматтарымыз, оларды мемлекет қорғауға міндетті. Шағымдардың көбі бағасы 15 мың теңге болса да, коронавирусты анықтайтын тестінің жетіспеушілігіне түсіп жатыр. Оның үстіне көптеген азамат табыссыз 3 ай күн көріп жатыр. Нұр-Сұлтанда тест тапсыру үшін 2 күн бұрын кезекке тұру керек. Нәтижесі де уақтылы шықпайды. Кезек туралы Алматы, Шымкент, Павлодар, ШҚО, Түркістаннан да хабарламалар келіп жатыр", - деді ол.
Депутат премьер-министрге бірқатар ұсыныс айтып, шалғай жатқан ауылдарға тест жасау үшін пойыз жіберу керегін айтты. Сондай-ақ, ол қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейге көтеру керегін жеткізді.
Мұндай жағдайда қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын тұрғындардың жауапкершілігі де аурудың таралуына әкеп соқты. Біз қауіпті аймақтарда карантин шараларын күшейтуді қолдаймыз. Бюджеттен көп ақша бөлінсе де, алғашқы айлардағы тәжірибені ескерсе де, бұл тенденциялар ДСМ мен әкімдіктердің коронавирусқа қарсы ұйымдастырған шаралары аздық ететінін көрсетіп отыр.
Коронавирусқа симптомдары бар барлық науқасты ауруханаға жатқызу, шалғайдағы ауылдарда тест жасау және оң нәтиже шыққан науқастарды клиникаға тасымалдау үшін санитарлық пойыз шығару, аз қамтылған отбасылар тесті тегін тапсыру, қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейге көтеру туралы қосымша шаралар қабылдау керек деп ұсынады", - деді ол.
Еске салайық, бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондықтан ол бүшін Мәжілістің кезекті отырысына қатыспады.
Кеше денсаулық сақтау вице-министрі елдегі инфекциялық орындардың 68 пайызы бос емес екенін айтқан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!