Ұрланған автокөлік қылмыстарын ашу және көліктерді қайтару бойынша ТМД-ға мүше елдер арасында 2005 жылы келісім қабылданғаннан бері 220-дан аса көліктің тек 30 пайызы қайтарылған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бүгін мәжілістің жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрланған автокөлік қылмыстарын ашу және көліктерді қайтару бойынша ТМД-ға мүше елдер арасындағы келісімге өзгерту енгізу туралы хаттамаға Ресейдің, Тәжікстанның, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Молдованың ІІМ қол қойған.
"Мәселен 2005 жылы келісім қабылданғаннан бастап осы кезге дейін ұрланған 220-дан аса көліктің тек 30 пайызы елге қайтарылған. Өйткені сұрау салу нормалары дұрыс жұмыс істемеген. осы кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа норма енгізілді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің сөзінше, енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға 1 ай ғана уақыт беріледі.
"Сондай-ақ сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет. Сонымен қатар, хаттамада жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру, кеден орындарымен ақпарат алмасу және бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік қай жерде анықталса сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылады. Бұл жерде бір ескертпе, біздің мемлекетте шекарадан өтетін көліктер туралы ортақ ақпараттық деректер базасы жоқ. Сондықтан бұл норма Қазақстанға қолданылмаған", - деді министр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!