ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 января 2022 | 00:35

Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасап, комиссияның төрт шешімін жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. © Тұрар Қазанғапов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Киелі Маңғыстау мекені мен үшін орны ерекше. Екі жылдан аса осы өңірде өздеріңізге қызмет ету бақыты бұйырған еді. Аймақ жұртшылығының еңбекқорлығы, ыстық ықыласы мен дархан пейіліне куәмін. Қазіргі таңда Президент тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Өpдеріңізге белгілі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған үкіметтік комиссия шешімімен бірқатар нақты шешімдер қабылдады және шұғыл түрде іске асырылды", - дейді Тоғжанов.

Осыдан кейін ол комиссия қабылдаған төрт шешімді атады:

"Біріншіден, сұйытылған газдың литрі 50 теңге болып бекітілді. Облыстың қалалары мен аудандарында газ құнының мөлшерін саралау "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамының есебінен жүзеге асырылатын болады

Екіншіден, қазіргі уақытта біздің берген уәдемізге сәйкес, интернет ресурстары іске қосылды. Үшіншіден, құқық қорғау органдарының наразылық акцияларына қатысушыларды қудаламауы туралы сол жерде әңгіме болды. Ол және нақты қабылданған шешімге байланысты жүзеге асып жатыр. Төртіншіден, Қаражамбас кен қорының вахта жұмысшыларын Ақтау қаласына тасымалдау туралы осы комиссияға қатысқан азаматтардың нақты ұсыныстары болған. Ол да бүгінде нақты шешімін тапты. Сонымен қатар, өзге де әлеуметтік сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады. Ол мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында", - деді үндеуінде Тоғжанов.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары жұртты сабырға шақырды.

"Қадірлі бауырлар, сіздерді әр түрлі арандатуға және соның салдарынан болатын тәртіп бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамын. Сабыр сақтап, тек қана ресми ақпараттарға сенулеріңізді сұраймын. Елдің бірлігі мен амандығы - біздің басты құндылығымыз екенін естеріңізге салғым келеді", - деді ол.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған. Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендегені хабарланды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer