КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
10 июля 2020 | 19:00

Тоқаев әкім мен министрлерді сынға алды. Күннің басты жаңалықтары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді сынға алып, кей басшыны қызметінен босатты. Сонымен қатар, Алматы облысында екі шенеунік дүниеден озды. Ал Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді. Tengrinews.kz тілшісі 10 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді сынға алып, кей басшыны қызметінен босатты. Сонымен қатар, Алматы облысында екі шенеунік дүниеден озды. Ал Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді. Tengrinews.kz тілшісі 10 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандар саны 55 мыңға жақындады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1726-ға артты. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 936 тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 180 / 89
Алматы қаласы - 217 / 73
Шымкент қаласы - 49 / 22
Ақмола облысы - 34 / 27
Ақтөбе облысы - 49 / 27
Алматы облысы - 108 / 68
Атырау облысы - 336 / 229
Шығыс Қазақстан облысы - 121 / 52
Жамбыл облысы - 48 / 38
Батыс Қазақстан облысы - 99 / 39
Қарағанды облысы - 120 / 68
Қостанай облысы - 121 / 78
Қызылорда облысы - 63 / 30
Маңғыстау облысы - 52 / 51
Павлодар облысы - 52 / 15
Солтүстік Қазақстан облысы - 50 / 19
Түркістан облысы - 27 / 11.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтығандар саны 54 747-ге жетті. Оның 31 815-і аурудан айықса, 280 адам қайтыс болған.


© Тұрар Қазанғапов 

Алматы облысында жоғары лауазымды екі шенеунік дүниеден өтті

Бүгін Алматы облысында екі шенеуніктің қайтыс болғаны хабарланды. Алдымен өңірдің бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов көз жұмғаны белгілі болды. Кейін оның пневмониядан қайтыс болғаны анықталды.

"Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті", - дейді өңірлік Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер.

Баймұхамбетов 56 жасында дүниеден өтті.

Сондай-ақ, бүгін бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болғаны хабарланды. "Хабар24" мәліметі бойынша, шенеунік өкпе қабынуынан көз жұмған. Әкім орынбасары 60 жасында қайтыс болды.

Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатыр ма?

Қытайлық БАҚ-та Қазақстанда белгісіз, өлім деңгейі жоғары пневмония шыққаны туралы ақпарат тараған. Бірақ бұл жалған мәлімет болып шықты. Мұндай мәлімдемені Денсаулық сақтау министрлігі жасады.

"Кейбір қытайлық БАҚ-та Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлім деңгейі үлкен белгісіз пневмония жағдайлары тіркелгені айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді".

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Тоқаев үкіметті сынға алды

Бүгін қазақстандықтар басты талқылаған тақырыптардың бірі Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан үкімет отырысы болды. Мемлекет басшысы үкіметті сынап тастаған болатын.

Алдымен ел басқарып отырған шенеуніктердің қызметін дұрыс атқара алмағанын мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар қате жіберді. Көптеген әкім қызметін тиісінше атқара алмады, ал үкімет оны бақылауда ұстамады", - деп сынады Тоқаев.

Артынша кей басшыны жұмыстан босатуды тапсырды.

"Туындаған қиындықтарға байланысты кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізу керек. ӘМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. - ЕСК.) және "СҚ-Фармация" басшыларын қызметтен босатып, тергеу жүргізу керек", - деді Президент.


© akorda.kz 

Сосын министр мен әкімдерге демалыс дегенді ұмытуды ескертті.

"Министр, әкім, Президент аппараты қызметкерлері болсын - ешқандай да еңбек демалысы жоқ, себебі бұл төтенше жағдай. "Еңбек демалысы", "демалыс" деген сияқты сөздерді ұмытыңыздар", - деді Тоқаев.

Ол өз сөзінде "барлық әкім мен бірқатар министр жазалануға лайық" деп баға берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы екі аптада елдегі жағдай түзелмесе, үкіметтің осы құрамының жұмысы қаралатынын айтты.

Алдағы уақытта Тоқаев халыққа үндеу жасайтыны белгілі болды.

Қостанай облысында локдаун режимі жарияланды

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтіледі. Локдаун режимі туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қаулысында жарияланды.

 

2020 жылдың 11 шілдесі 00:00 сағаттан 2020 жылдың 13 шілдесі 00:00 сағатта Қостанай облысы территориясында локдаун тәртібін орнату осыған байланысты:

1) тұрғындарға тұрғылықты жерлерінен далаға шығуға тыйым салу, мына жағдайлардан басқа:

- жұмысқа шығу;
- медициналық көмекке жүгіну;
- өндірістік тауарларды сатып алу, дәрілік препараттар және медициналық бұйымдар тұрғылықты жеріне жақын жерлерден немесе дәріханалар жұмысы және дүкендерден;
- қоқыс шығару;
- дачаларға бару;
- үнемі күтімді қажет ететін, ауруларға және кәрілерге күтім жасау,
- жануарларды серуендету;

2) барлық ойын және ойын-сауық түрлеріне тыйым салу;

3) қоғамдық көлік жұмысына тыйым салу (қала әкімдігіктерімен қозғалыс кестесін нақтылаумен дачалық маршруттардан басқа);

4) қоғамдық тамақтану объектілерінің, барлық сауда объектілерінің қызметін тоқтата тұру, азық-түлік өткізетін сауда объектілерінен басқа;

5) өткізетін сұрыпына қарамастан барлық сауда базарларының қызметін тоқтата тұру, азық-түлікті көтерме өткізетіндерден басқа;

6) скверлер, саябақтар, жағажайлар, оның ішінде тамақтану және сауда нүктелерінен басқа, территорияда орналасқан, сондай-ақ пляждар және демалыс базаларын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы күшіне 2020 жылғы 11 шілде 00:00 сағаттан бастап енеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer