ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 февраля 2020 | 16:23

Тоқаев ауыс-түйіс жасады

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды. Енді Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев болды.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Президент Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға 2019 жылдың наурызында тағайындалған. Бұған дейін Кәлетаев Премьер-министрдің кеңсесін басқарды және қоғамдық даму министрі болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети