ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 мая 2020 | 12:08

Тоқаев бейбіт жиналыс өткізу туралы жаңа заңға қатысты пікір білдірді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қабылданған бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заңға қатысты пікір білдірді.

"Бүгінгі отырысқа дейін атқарған жұмысымыздың нақты нәтижесі бар. Бірер күн бұрын мен "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі - бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады. Осы заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын. Депутаттарға заң жобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын.

Бірлесе атқарған жұмыстың мән-маңызы зор. Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге консититуциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр", - деді Президент.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 25 мамырда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заңға қол қойды.

30 сәуірде Сенаттың жалпы отырысында бейбіт жиындар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған.

Осыған дейін Тоқаев Қазақстанда митингілер қандай болуы керегін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети