Тоқаев Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатқанын атап өтті.

"Ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр. Менің тапсырмаммен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Алдағы бес жылда бұл мәселені шешуге тиіспіз. Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда", - деді ол.

"Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды" - Тоқаев

Айта кетейік, ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы N 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 1
Астана -2
Актау 1
Актобе -3
Атырау 3
Б
Балхаш -4
Ж
Жезказган -4
К
Караганда -1
Кокшетау -1
Костанай 0
Кызылорда -10
П
Павлодар -4
Петропавловск -1
С
Семей 2
Т
Талдыкорган 4
Тараз 5
Туркестан 0
У
Уральск -1
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -5

 

Редакция Реклама
Социальные сети