Тоқаев карантин мерзімі не үшін ұзарғанын айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев карантин мерзімі не үшін ұзарғанын айтты Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин режимі не себепті 11 мамырға дейін ұзаратынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин режимі не себепті 11 мамырға дейін ұзаратынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл - біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару - бәрімізге ортақ міндет.

"Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сонымен қатар, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын. Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады. Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды", - деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.

Қазақстанда карантин мерзімі ұзарды. Тоқаевтың мәлімдемесі

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2717-ге жетті. 682 науқас жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -3
Актау 2
Актобе -2
Атырау 0
Б
Балхаш -1
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 4
Кызылорда -3
П
Павлодар -2
Петропавловск -4
С
Семей 0
Т
Талдыкорган 1
Тараз 7
Туркестан -1
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -4

 

Редакция Реклама
Социальные сети