ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 мая 2020 | 12:35

Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде бөлісті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөзін баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде бөлісті.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады", - деді Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты алғаш 15 наурызда 15 сәуірге дейін енгізілген болатын. Артынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін созу туралы жарлыққа қол қойды. Ал 27 сәуірде Президент карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. 

"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл - біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады", - деді Тоқаев мәлімдемесінде.

Еске салайық, 11 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5126-ға жетті. 1941 адам аурадан айықса, COVID-19-дан 31 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer