Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтілді қандай газеттерді оқитыны белгілі болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтілді қандай газеттерді оқитыны белгілі болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бес тілде еркін сөйлейтін Мемлекет басшысы қазақ тіліндегі бірнеше басылымды күнделікті оқып отырады екен.
"Egemen Qazaqstan, "Айқын", "Астана ақшамы" газеттерін күнделікті оқиды. Олардан басқа "Ана тілі", "Түркістан", "Қазақ әдебиеті", "Жас қазақ", "Алматы ақшамы" секілді апталықтарды қарап, бақылап отырады. Егер жақсы мақалалар, сұхбаттар шықса, асықпай оқып, астын сызып, тіпті кейбіріне қатысты бұрыштама соғып жатады", - деді Берік Уәли.
Оның айтуынша, Тоқаев мерзімді басылымдарға шыққан сыни немесе проблемалық мақалаларды оқып, құзырлы органдарға арнайы тапсырмалар береді екен.
Сондай-ақ Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың телехабарларды да жиі қарап тұратынын айтты. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы "1-студия", "Дара жол" бағдарламаларына жоғары баға берген. Сонымен қатар, ол "Таңшолпан" бағдарламасының да тұрақты көрермені екен.
Берік Уәлидің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметтегі төрт айында отандық және шетелдік БАҚ-қа 10 сұхбат берген. Ең алғашқысы президент болып сайланғаннан кейін Еgemen Qazaqstan мен "Айқын" республикалық газеттеріне берген сұхбаты. Кейін ресейлік "Коммерсант", "Российская газета" басылымдары, "Россия" телеарнасы, Өзбекстанның "УзА" ұлттық ақпараттық агенттігі, америкалық White House Chronicle телехабары, Wall Street Journal газеті, израильдік Israel Hayom басылымы, Euronews телеарнасы мен Bloomberg агенттігіне сұхбат берген.
Айта кетейік, 21 шілдеде "Президент 2.0" деректі фильмі жарияланған болатын. Мұнда Президенттен ресейлік журналист Алексей Пивоваров сұхбат алған. Деректі фильм "31 арнадан" көрсетілген еді. Сұхбат барысында Тоқаев отбасында болған қайғылы оқиға жайлы айтқан болатын.