ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 сентября 2020 | 11:44

Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік - импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осы да. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады.

Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл - жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек.

Тағы бір маңызды мәселе. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс", - деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды.

Президент жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer