ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 августа 2019 | 06:00

Тоқаев сенім білдірген сенаторлар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Дүйсенбі, 12 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешкі уақытта бірқатар ауыс-түйіс жүргізді. Tengrinews.kz тілшісі қызметтен кеткендер мен тағайындалғандар жайлы шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбі, 12 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешкі уақытта бірқатар ауыс-түйіс жүргізді. Tengrinews.kz тілшісі қызметтен кеткендер мен тағайындалғандар жайлы шолу жасады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды. Бұл қызметке Ертісбаев 2017 жылдың 24 қарашасында тағайындалған еді. 

Оның алдында ол Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған еді.   

Ермұхамет Қабидинұлы 1956 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл қызметке Асқар Бейсенбаев келгені белгілі болды. Бейсенбаев бұл қызметке тағайындалғанға дейін Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Сәйкесінше бұл өкілеттігі тоқтатылды.

Асқар Бейсембаев 1961 жылы 31 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген.   

Еңбек жолын Түлкібас консерві зауытының ауысым инженері-технолог ретінде бастаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі, Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, екінші және үшінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Кейін Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров тағайындалды.

Нұртөре Жүсіп 2008 жылдан бүгінге дейін "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің бас редакторы болған.  

1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. 

  Ал Асқар Шәкіров Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін 2017 жылдан бері атқарып келген. 

Шәкіров 1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. Бірінші санаттағы Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар.

  Сондай-ақ дүйсенбілік ауыс-түйісте Бірғаным Әйтімованың Сенат депутаты өкілеттігі тоқтатылғаны белгілі болды.

 Кейінірек Әйтімова саясатпен қош айтысып, енді немен айналысатынын айтқан. 

"Мұны мұны ойдағыдай қабылдаймын. Заң бойынша Сенат депутаттары Мемлекет басшысымен тағайындалып, мандаты аяқталған соң өкілеттігін тоқтатады. Мұның бәрі заңды негізде. Елбасыға, Президентке, Дариға Назарбаеваға карьерамның барлық кезеңінде мүмкіндік бергені үшін ризамын", - деді Бірғаным Әйтімова.

Өкілеттігі тоқтатылғандар:

Осыдан кейін Тоқаевтың жарлығы бойынша Дулат Қосдәулетовтің, Георгий Кимнің, Сергей Громовтың, және Рашид Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды. Кейінірек Тоқаев оларға ризашылығын білдірген еді.

"Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін", - деп жазды кейін Президент Twitter желісінде.

Тағайындалғандар мен қайта тағайындалғандар:

Осылайша Парламент Сенатының депутаттары болып Қанатбек Сафинов, Дана Нұржігітова, Андрей Лукин, Дариға Назарбаева, Ләззат Сүлеймен және Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. 

Бұл тізімдегі Дариға Назарбаева Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғаннан кейін сенаторлар арасында дауыс беру арқылы спикер болған еді. Мұхтар Абрарұлы  болса бұған дейін де Сенатта болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer