ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 апреля 2020 | 12:09

Төтенше жағдайдан кейін жаңа кәсіп бастайтындарға несие беріледі

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жаңа кәсіп бастайтындар үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа кәсіп бастайтындар үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Даму" КДҚ" АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. 

"Иә, бизнес бастайтындар үшін біздің бағдарламамыз жұмыс істеді және істей береді де. Төтенше жағдай кезінде де істеп жатыр. Жаңа кәсіпкерлерге арналған нәтижелі жұмыспен қамту "Еңбек" бағдарламасы бар. Бұл арқылы кәсіпкер 6,5-8 мың АЕК мөлшерінде 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Заем мерзімі - 5 жыл. Сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында да жаңа кәсіпкерлерді қолдаймыз. Бұл - субсидиялау, кепілдік беру инструменті. Бұл арқылы кәсіпкер бизнесін ауылда немесе шағын қалада бастаса, онда бірінші бағыт бойынша 750 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Мұнымен қоса, айналмалы капиталын толықтыру үшін 360 миллион теңгеге дейін алуына мүмкіндігі бар. Кепілдік беру инструменті арқылы жаңа кәсіпкердің несие сомасы 180 миллион теңгеден аспаса, несие сомасынан 85 пайыз кепілдік беріледі", - деді Гүлсая Зейнелғабдина.

Департамент директорының айтуынша, кәсібін қалада бастағысы келетіндер үшін несие мөлшері 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайған.

"Екінші бағыт бойынша кәсіпкер бизнесін қалада бастаса, 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Кәсіпкерлер "Даму" қорына қазір де өтініш білдіруіне болады. Төтенше жағдай біткеннен кейін де жүгінуге болады. Тек банктер бизнес жобаға несие бергеннен "Даму" қоры субсидия мен кепілдік беруге қатысты шешім шығарады", - деп толықтырды спикер.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін ұзартты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer